Қаржы • 27 Қаңтар, 2022
Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шаралары жалғасып жатыр. Еліміздің барлық аймағында Төтенше жағдай режімінің енгізілуіне байланысты кәсіпкерлер де, қарапайым азаматтар да жұмыстарын біраз кідіртуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, еңбек өнімділігі мен табыс төмендеп кетті. Аз уақыттағы шығынның үлкен перспективада өзіндік маңызы бар екені айтпаса да түсінікті.
Үкімет • 27 Қаңтар, 2022
Жазықсыз жандар жауапқа тартылмасын
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында депутаттар Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік қағидаларына қатысты құжатты мақұлдады.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2022
NEET санатындағы жастарға қамқорлық керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында өткен Парламент Мәжілісінің отырысында «Жұмыссыздықты, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше көңіл бөлу керек. Жоғары оқу орындарын, колледждерді бітірушілер, әсіресе білімі жоқ жастардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді. Біз мұны жақсы білеміз. Олар тапқан жұмысын істеп өмір сүреді. Кейбіреулер табыс іздеп, заң бұзуы мүмкін», деді. Президент осы сөзі арқылы жастарға қатысты мәселелердің кең ауқымын атап көрсетті. Шын мәнінде Үкімет тарапынан жұмыспен қамтуға қатысты бірқатар бағдарлама қабылданса да «жұмыс күтіп жүрмін», «жұмыс іздеудемін» деген жастар қатары кемімей тұр. Бұдан басқа да мәселелер жеткілікті.
Қазақстан • 26 Қаңтар, 2022
Утиль алымы: ӨКМ операторының жұмысында шикілік көп
Утиль алымын жинау қызметін «Жасыл даму» АҚ-ға тапсырмас бұрын ӨКМ операторының қаржы-экономикалық жұмысына толықтай тексеру жүргізілуге тиіс. Қоғамдық қозғалыс белсенділері мен отандық автокөлік қауымдастықтары осындай ұстанымда. Ал күні кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтің ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалғанын растады.
Білім • 26 Қаңтар, 2022
Бізге қандай техникалық университет керек?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды тапсырды. Осыған орай 2025 жылға дейін Қазақстанда шетелдік 5 беделді университеттің филиалы ашылмақ. Бұл қандай университеттің филиалы болмақ? Яғни қай жағынан үздік, қандай бағытта беделді деген мәселе қоғамды толғандыратыны анық.