Қазақстан • 26 Қаңтар, 2022
Бюрократиядан арылмай, алға жылжу жоқ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі отырысында «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты тақырыпта сөйлеген бағдарламалық сөзінде нақты әрі орынды пікірлер қамтылды. Мемлекет басшысы елдің ішінде аяқтан шалып, Үкіметтің де, жеке адамдардың да, тіпті бизнестің де аяғына тұсау болып келе жатқан бюрократизмді жоюдың маңыздылығына айрықша тоқталды.
Әдебиет • 26 Қаңтар, 2022
Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Халқымыздың жарқын келешегі үшін өлшеусіз қызмет жасаған кемеңгердің айтулы мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтілмек. Бүгінде ұлт ұстазының туған еліндегі Ахаң мен Жақаң атындағы әдеби музейде Алаш ардақтысының 1909 жылы Санкт-Петербург қаласынан жарық көрген орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған «Қырық мысал» кітабы мен 1911 жылы Орынборда басылған «Маса» жинағының түпнұсқасы сақталған.
Әдебиет • 26 Қаңтар, 2022
Сөз өнері болған соң қатыспайтын жері бар ма әдебиеттің? «Әлем кітапқа кіруге ұмтылады» деген бір данышпанның ойына бақсақ, керісінше болып шыға келеді. Кім де болсын көркем өмірге талпынатындай, әлем әдебиетке кіруге құмартып тұрады. Ескі өмірдің жаны мен рухы, демі мен тынысы, замандардың сыры мен сымбаты, әні мен мәні әдебиетте жүреді. Ішінде толқып өмір, жортып тарих бара жатады. Халық арасында кең тараған әндер екібастан солай.
Кино • 26 Қаңтар, 2022
Еміс-еміс есімде, сұсты жүзінен ызғар есіп тұрғандықтан ба, әйтеуір ескі теледидардың арғы жағынан-ақ өткір жанарымен қарашықта қатталып қалыпты. Біз кітаптан таныған Бейбарыс сұлтан осындай-ақ болған шығар дегенбіз іштей тамсанып. Сонда баламыз ғой, артынан білдік, қазақ кино өнерінде қайталанбас кейіпкерлерді сомдаған сом тұлға Нұрмұхан Жантөрин екен. Әлемге аты мәшһүр түркі баласының образын ата жұртына әкелген өнерпаздың еңбегі ересен. Қанша жыл өтсе де қайыра айтқыңыз келе береді.
Тарих • 26 Қаңтар, 2022
Осы орайда айтпағымыз, қазақ халқы үшін өткен ғасыр басы аса ауыр болды. 1914 жылы 19 шілде күні (1 тамыз) басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс салдары қазақ халқына ауыр зардабын тигізді. Алым-салық түрі көбейді. Мысалы, әскери салық ретінде әрбір отбасына ай сайын 1,84 рубль мөлшерінде қаржы төлеу міндеттелді. Бұл кедей отбасыларына ауыр соқты. Осылай қазақ қоғамы дағдарып тұрған тұста, 1916 жылы 25 шілде күні патша ІІ Николай «Империяның бұратана халықтарының ер адамдарын қимыл үстіндегі армияның қорғаныс һәм әскери құрылыстарын салуға, сонымен қатар мемлекеттік қорғаныс үшін қажет басқа да жұмыстарға тарту туралы» жарлығын шығарды. Ондағы мақсат: бұратаналарды тыл жұмысына жегу арқылы армия қатарын толықтыруға қажет орыс шаруалары мен жұмысшыларын босатып алу болатын.