Тарихи сананы жаңғырту және ұлттық бірегейлік
Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласындағы Оқушылар сарайының мәжіліс залында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Тарихи сананы жаңғырту және ұлттық бірегейлік» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті, Түркі халықтарының лидері Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіздікті баянды етуде халықаралық деңгейдегі феномен тұлға. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы сәттен бастап Н.Назарбаев өз халқының азаттық рухында өскенін, еркіндік рухын сезінгенін қалады. Н.Назарбаевтың: «Рухы еркін халық қана ұлы істер атқара алады» деген пікірі – үлкен философия.
Тәуелсіздікті нығайтуға айтулы үлес қосқан мемлекеттік тұлғалар туралы толғағанда олар саналы ғұмырында халық үшін қалтқысыз қызмет етуі үшін рухани серпіліс беріп келе жатқан өмірлік серіктерінің орны ерекше екенін де ұмытпауымыз керек. Белгілі мемлекет қайраткері, марқұм Сарыбай Қалмырзаевтың жан жары Үмітай Ахимбекова бүгінде қайраткердің атын асқақтатып, шаңырағының отын лаулатып, ағайын-туысты ұйыстырып, соңында қалған ұрпақтарына ұлағатты тәрбие беруде. Өзінің мерейлі белесіне көтеріліп отырған Үмітай Қасқатайқызы көрнекті тұлғамен бірге жүріп өткен өмір жолының сан соқпақтарын сағынышпен еске алады.
Өмір жолының қай кезеңінде де, қандай тағдырлы жылдарында да табиғи қалпын бұзбай, шыр етіп дүниеге келгенде құдай маңдайына жазған адамдық асыл қасиеттерінен айнымай, уақыт желімен құбылып соқпай, құрыққа сырық жалғамай, жүзі жарқырап жүріп жатқан жүрегі таза, жайсаң жандар көптеп саналады. Сондай ел санаты дерлік санаулылардың қатарына атырапқа аты мәлім тағылымды тұлға, іскер ұйымдастырушы, беделді басшы Әлихан Әбдіханұлы Тойбаевты жатқызуға болады.