25 Қаңтар, 2019

Тарихи сананы жаңғырту және ұлттық бірегейлік

1372 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мем­лекет­тік мекемесі Астана қаласындағы Оқушылар сарайы­ның мәжіліс залында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Тарихи сананы жаңғырту және ұлттық бірегейлік» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.  

Тарихи сананы жаңғырту және ұлттық бірегейлік

«Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсатымыз – Елба­с­ы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақала­сында көтерілген түркі әлемі­нің генезисі, ұлы даланың ұлы есім­дері, дала өркениеті, ұлт­­тық бірегейлік сынды ұлт­тық-ру­хани тұрғысындағы маңыз­­ды мәселелер талқы­лау. Мақа­лада айтылған құн­ды­­­лық­­­тар­ды қазіргі қоғам сана­­сы­на оңтайлы сіңіру, жас ұр­пақ тәлім-тәрбиесі өзегіне айнал­дырудың ұтымды жолдарын зерделеу», деді жиынға моде­раторлық еткен Астана қала­сы әкімдігі «Руханият» ком­му­нал­дық мемлекеттік меке­ме­сінің басшысы Ержан Еңсебай.

Жиында сөз алған Астана қаласы Оқушылар сарайының директоры, Қазақстан Респуб­ликасы Білім беру ісінің құр­метті қызметкері Ербол Ірге­бай Ұлы даланың ұлы тұл­ғаларын жас ұрпаққа насихаттау төңірегінде ой қозғап, оқушылар сарайында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталса, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-прак­­тикалық орталығының атқа­ру­шы директоры, филоло­гия ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов Ұлттық бірегейлікті сақтаудағы әліпби маңызы туралы айтты. «Кеше ғана «Egemen Qazaqstan» газе­тінде ұлттық комиссия ма­құл­даған «жаңа әліпби негі­зін­дегі қазақ тілі емлесінің ережелері» жарық көрді. Енді осы нұсқаны қолдана беруге болады. Бұйырса, көктемде Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енеді, сол кезде арнайы қаулымен немесе жарлықпен бекітілетін болады», деді.
Бұдан өзге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, жазушы Тұрсынхан Зәкенұлы «Түркі әлемінің генезисі Қытай деректерінде» атты баяндама жасаса, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов «Алаш арыстарының мұрасы және мұрағат ісі», Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертанушы, күйші Жанғали Жүзбай «Ұлы дала фольклорының мың­жыл­дық мұрасы: отандық өнер­тану ғылымының мақ­саты мен міндеті» тақырыбын­да баян­дама жасады. Л.Н.Гу­милев атындағы ЕҰУ Еура­зия­­лық зерттеулер кафедра­сы­ның про­фессоры, тарих ғылым­дары­ның докторы Мақсат Алпыс­бес «Шежіре және Ұлы даланың ұлы есімдері» жайын­да, argymaq.kz ұлттық таным­дық порталының бас редакторы Ержан Жаубай «Ұлы дала және атқа міну мәдениеті» тақы­рыбында баяндады. 

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, Астана қаласы білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздары, жас ғалым­дар мен қаламгерлер, руха­ният және мәдениет саласының өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»