Биыл қазақ руханияты үшін атаулы оқиғаларға толы жыл. Сондай елеулі датаның бірі – Қазақстанның халық ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы.
Музыка адамның ойы мен сезімін байытуы тиіс
Қазақ ұлттық музыка өнері туралы өз еңбегінде А.Эйгхорн: «Бірде көк жайылымда асыр салып, ойнақтаған құлын секілді шат-жарқын бейқам баладай, бірде еркін, өмірге құштар көкте қалықтаған өр қырандай қазақ әндерін тұлымшағы желбіреген жас жеткіншектен, шолпысы сылдыраған бұрымды қызға, аяулы анаға, кішкентай айдарлы баладан еңкейген қарияға дейін нақышына келтіріп орындайды. Бұл дегеніңіз – халықтың баға жетпес мұрасы мен мызғымайтын игілігі, халықтың өзіндік бет-бейнесі» деп баға берді. Бұл ойды ғалым ауыз әдебиетінің бай мұрасы сияқты тұрмыс-салт, еңбек, бесік жыры әндерінен әсерленіп тебірене жазғаны байқалып тұрады. Бақсы ойыны, қыздың сыңсуы, жесірдің жоқтауы, жар-жардың шырқалуы, жарапазан тәрізді сан түрлі сарындағы далалық туындылар сөзіне қоса әуез-әуенсіз болмағаны тағы аян. Демек ұлттық музыканың ежелден ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі орасан зор екені бұлжымас ақиқат. Солай бола тұра көкөрім жеткіншекті қазақтың ұлттық музыка өнері арқылы имандылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеп баулуда, ата-бабаларымыз көз қарашығындай сақтаған байырғы сол дәстүрді жалғастыруда екіұдай пікірдің алдымыздан шығып қалып жататыны терең ойға шомдырады. Төменде Астанадағы Мемлекеттік академиялық филармонияның дирижері, күйші, композитор, Қазақстанның мәдениет қайраткері Нұрлан БЕКЕНОВ өткен мен бүгіннің сабақтарын салыстыра отырып, ұлттық музыка өнерінің сан-сапат мәселелері туралы ой қозғайды.
Дүниежүзілік сауда ұйымы уақыт сынағына төтеп бере ала ма?
2020 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу үдерісі елдің банк жүйесіне әсері мол соңғы кезеңіне аяқ басуы тиіс. Өйткені дәл сол жылы еліміз шетелдік банктердің аумағына кіріп, өз бөлімшелерін ашуларына рұқсат беретін болады. Сарапшылардың болжамынша, бұл жағдай қымбат несиелерден зардап шегіп келе жатқан қарапайым халық үшін пайдалы. Шетелдік банктер елімізге кіріп, өз қызметтерін бастаған жағдайда пайыздық үстемесі төмен арзан несиелер бере бастайды деп күтілуде.
Медицина • 24 Қаңтар, 2019
Медициналық қызметтің 25 түріне eGov.kz арқылы қол жеткізуге болады
Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулез диспансерінен анықтаманы тегін және онлайн алуға мүмкіндік туды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев айтты.
Тарих • 24 Қаңтар, 2019
«Мақаш правитель» туралы кітап қазақшаға аударылды
Былтыр Мәскеудегі «Художественная литература» баспасынан қазақ телевизиясының мэтрі, публицист, ақын Ғаділбек Шалахметовтің «Пятый сон» атты деректі хикаяты жарық көрген болатын. Орыс тілінде жазылған дүние таяуда қазақ тіліне аударылып бітті.