Үкімет • 23 Қаңтар, 2025
Отандық өндірісті дамыту мүмкіндігі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, оның күн тәртібінде экологиялық мәселелер, кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер қаралып, Қазақстан мен АҚШ, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы үкіметаралық одақтастық қатынастарды реттейтін шарттарды ратификациялауды қамтамасыз ететін заң жобалары қаралды. Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2025
«КАSЕ мен AIX біріге ме?» деген былтырдан бері жалғасып келе жатқан сауалдың жауабы белгілі болды. Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасы Алина Алдамбергеннің айтуынша, қос биржаның әлеуетін біріктіру мүмкіндігі туралы келіссөздер басталған жоқ.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2025
Сақтандыру саласына былтыр қиын, бірақ жемісті жыл болды. Бұрын-соңды болмаған, нарықтың беталысын түбегейлі өзгертуге септігін тигізетін жаңа өнімдер ұсынылды. Сақтандыру компаниялары 2024 жылғы ІІІ тоқсан қорытындысында 156,6 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл ІІ тоқсандағы 97 млрд теңгемен салыстырғанда 60%-ға артық. Нарықтағы жаңа ойыншылар өздерін жаңа қырынан танытты.
Сараптама • 23 Қаңтар, 2025
Зейнетақы аннуитеті не береді?
Зейнетақы аннуитеті азаматтардың жинақтарын сақтандыру мен өмірдің түрлі кезеңінде пайдалану мүмкіндігін қамтитын зейнетақы жүйесі реформасының арқасында қолжетімді болды. Ұзақ мерзімде бұл қадам зейнеткерлердің қаржылық тәуекелін еңсеруге көмектесіп, неғұрлым тұрақты әлеуметтік инфрақұрылым құруға ықпал етуге тиіс.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2025
Көгілдір отын арқылы өңірдің экономикалық мүмкіндігін арттырып, экологияны бұзбауға болады. Осы мақсатта Жетісу облысының кешенді газдандыру аймақтық бағдарламасы жолға қойылған. Соның нәтижесінде халықтың 60%-ға жуығы газға қосылып үлгерді. Алдағы 4–5 жылда 358 елді мекеннің 192-сін табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарға енгізілген. Жаңа жыл қарсаңында тағы 6 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізді.