Қазақстан • 23 Қазан, 2019
Қазақтардың атқа міну мәдениеті
Қазақ даласы күллі адамзаттың өміріне елеулі әсер еткен оқиғаларға куә. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтқанындай «Еліміздің табысты болуының кепілі – өткен тарихын мақтан тұтып, бүгінгі жағдайды нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту» болмақ. Сондықтан да өткенді зерделеп, бүгінгіні бағалап, келешекке сеніммен қадам жасау үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін нақты мысалдармен түйіндейді. Соның бірі атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.
Экономика • 23 Қазан, 2019
Елімізде еуро валютаға деген қызығушылық бір жыл ішінде бір жарым есе артты. Ranking.kz келтірген дерекке сүйенсек, жыл басынан бері оның валюта айырбастау пункттеріндегі таза сатылымы 250 млрд теңгеге жуықтады.
Экономика • 23 Қазан, 2019
Жеңілдетілген автонесие отандық автопаркты «жасартады»
Қазақстанда жасалған көліктердің саудасын күшейту үшін Ұлттық банк 2019-2023 жылдары жыл сайын 20 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген несие ұсынбақ.
Экономика • 23 Қазан, 2019
АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай банк секторындағы активтердің сапасын бағалау (Asset Quality Review) басталғанына үш ай өтті. Ішкі нарық оның қорытындысын күтіп іштен тынып тұр. Алғашқы қорытынды желтоқсан айының соңғы күндеріне дейін белгілі болатынын Үкімет те, Ұлттық банк те айтты. Жуырда осы мәселеге орай өткен дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылар АQR жобасының бізге тым қымбатқа түсетінін жеткізді. Себебі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұл жоба ішкі нарықта сыр берген банктерді мемлекет тарапынан қосымша қаржыландыру үшін қолданылады екен.
Парламент • 23 Қазан, 2019
Дариға Назарбаева жаңа технологиялар орталығында болды
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның Ресей Федерациясына ресми сапары басталды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.