Бір жыл ішінде еуроның теңгеге шаққандағы бағамы 5 пайыздай қымбаттаған болатын. Еуроаймақтың негізгі валютасы Қазақстандағы айырбастау пункттерінде ең көп сатылған валюталардың арасында доллардан кейінгі орында тұр. Қаңтар-тамыз айларында ел азаматтары барлығы 247,4 млрд теңгеге еуро сатып алған.
Еуроның таза сатылымының өсім қарқыны еліміздің барлық өңірлерінде өсті. Алматыда 121,1 млрд теңгеге сатылып, былтырғымен салыстырғанда 47 пайызға жоғарыласа, Нұр-Сұлтанда 33,6 млрд теңгеге сатылып, өсім 15 пайыздан асты. Сатылым көлемі бойынша үшінші орын алған Қарағандыда 16,3 млрд теңгеге жетті.
9 ай ішінде еуроның сатылу көлемі тамыз айында ғана ең төменгі көрсеткішке құлдырады – 25,1 млрд теңге. Тамызда оның теңгеге шаққандағы бағамы шілде және қыркүйек айларымен салыстырғанда жоғары болғанын да айта кетейік.
Қазір валюта айырбастау пункттерінде 1 еуро – 437,37 теңгеден сатылып жатыр.