Руханият • 27 Қазан, 2020
Қажымұқан жерінен – Қажымұқан еліне
Келесі жылы күш атасы, үлкен ақын Сырбай Мәуленовше айтсақ, «Тастарды тастарға ұрған түйір көрмей, Тұп-тұтас жұдырығы диірмендей, Тоқпақ сан, шомбал кеуде, шор-шор иық, Тұтқасы болса жерді үйіргендей» даланың бұлшық еті Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады екен. Осы даталы мерекеге байланысты балуанның соңғы тынысы үзіліп, жамбасы жерге тиген өлкенің тұрғындары, яғни оңтүстіктік ағайындар «Қажымұқан жерінен – Қажымұқан еліне» атты жоба жасап, алда болатын балуанның мерейтойын халықаралық деңгейде, әрі таным-тәрбиелік тұрғыдан аста-төк той үлгісінде емес, тұлғаның өмірінен келер ұрпақ өнеге-үлгі аларлық, сонымен қатар спортшы жастар адалдық пен отансүйгіштік рухын бойына сіңірерлік мақсатта болса деген міндет қойып отырған көрінеді.
Технология • 27 Қазан, 2020
Тұманның ар жағын «көретін» қондырғы
Тұман секілді ауа райы құбылысы автокөліктерге жол жүруге айтарлықтай кедергі келтіреді. Осы кедергінің алдын алу мақсатында АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің ғалымдары бұлттар мен қалың тұманның ар жағында не бар екенін көруге мүмкіндік беретін технологияны ойлап тапты.
Технология • 27 Қазан, 2020
Дағдарыс басталып, бизнес шығындарды қысқартуға мәжбүр болған кезде, жарнама бюджеттері әрқашан бірінші қатарға ілігеді. Алайда бұл үнемдеу сату нәтижелеріне жақсы әсер етпейді.
Қоғам • 27 Қазан, 2020
Ескі жұрттың аузынан қалған әңгіме деп әнтек күліп қоятынбыз. Ауылдан желдей ескен қилы-қилы жаңалықтардың қайсысының әуеніне төңкерілесің. Сосын сексеннің сеңгіріне шыққан қарияның жылқы жалына жабысып, жүйрік баптап жүргеніне кім сене қойсын. Сөйтсек біздікі ағаттық болыпты. Бар екен. Бауыры бұлақ баяғының адамдары-ай! Көкжалдың көк етін жыртып, құстың да тілін тапқан. Айтсаң – аңызға пара-пар, айтпасаң – жаныңа жай таптырмайды.
Тарих • 27 Қазан, 2020
Мұрат Мөңкеұлы мұрасы: топонимикалық деректер
Ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұрған ұлы суреткер Мұхтар Әуезов: «Біздің қазақ жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», деген еді. Зар заман ақындарының көшін бастаған Мұрат Мөңкеұлының шығармаларындағы жер-су аттарының түп төркініне үңіле қарап, бір сәулелі дүниені аңғарғандай болдым.