Қоғам • 27 Қазан, 2020
Тұрлаусыз уақыт торығуларын жанашыр тірліктер емдейді
Адам тағдыры ұстара жүзінде тұрғандай тұрлаусыз уақытта ізгілікті, махаббат пен достықты, адалдық пен шыншылдықты, ақпейілділік пен дархандықты нығайта түсетін шаралар әрбір адамның жанын жылытады. Мұны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы күнделікті жұмыс дағдысына айналдырған. Тоқтаусыз тіршіліктің көшінде қоңырқай күй кешкен жандарға бір сәт болса да жылулық сыйлап, жанын жадыратар бақытты сәттермен қуантуға тырысуда.
Қоғам • 27 Қазан, 2020
Құлқын құрдымға құлатып тынады
Маңғыстауда салынып жатқан жол құрылыстары туралы әңгіме көп. Беті жылтырағанмен, салынып жатқан жолдардың сапасы сын көтермей тұр. «Парсы кілемі» деп аталған жолдарды асфальтімен қосып тұтас сыпыра көтеріп алуға болатын болса, газ өткелін қақ ортаға алып, сардия қалған түпқарағандық даңғылдың жыры желілерге жүк болды.
Қоғам • 27 Қазан, 2020
Қаражат жымқыру бойынша 46 қылмыс тіркелген
Биылғы 9 айда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 154 қылмыс тіркелген. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс – 109, ал жедел жолмен бүгінде 87 қылмыстық іс анықталып, өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалған.
Қоғам • 27 Қазан, 2020
Бекіре «барымталаған» браконьерлер бағалы балықтың қорына қырғидай тие бере ме?
Атырауда өршіп тұрған қылмыстың бірі – браконьерлік. Жайық-Каспий су айдынындағы бекіре тұқымдас бағалы балықтардың қорына қырғидай тиген браконьерлер «барымтасы» тоқтамай тұр. Араны апандай ашылған олар нарықтағы құны бірнеше жүз мың теңгеге бағаланған қара уылдырығы үшін су маржанының тұқымын құртпай тоқтамауға бекінген сыңайлы. Өйткені браконьерлер бекірені тонналап «барымталауға» көшті.
Оқиға • 27 Қазан, 2020
Табиғат қорғаушыларының тұңғыш сыйлығы тапсырылды
Нұр-Сұлтан қаласында үздік инспекторларға, орманшыларға және табиғатты қорғауға атсалысып жүрген белсенді азаматтарға орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін сақтау саласындағы «Елім-ай» сыйлығы берілді.