Өнер • 27 Қазан, 2020
Алыстан үзіліп жеткен қоңыр үн бірде аяңдап, бірде жылдамдата Көк Шолақтың шабысына басады. Көненің күмбірін құлаққа жеткізуге асыққандай домбыра да қағысынан жаңылмастан, көмейден шыққан әуезбен жарыса сайын даланы жаңғыртып, жыршының көңіл күйін дөп басуға асығатындай...
Руханият • 27 Қазан, 2020
Алты Алаштың мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген еді. Рухани мәдениетіміз бен елдік мәртебеміздің деңгейін бағамдауға басты өлшем болып келе жатқан осы қағидаға сүйенсек, көпшіліктің не оқып жүргеніне қарап, ой-санамыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің түр-тұрпатын аңғаруға болатын секілді.
Әдебиет • 27 Қазан, 2020
Бағзы заманда қытай ойшылы Конфуций: «Кiтап оқығаныңды ғана бiлiп, ой жүгiрткендi бiлмеген адам оқудан оңай жалығады» деген. Хандық заманының атақты жырауы Шалкиiз: «Сөйлесiн қалам сырымды, Тыңдасын әлем жырымды» деп ұрандаған. Сонда айтқыш импровизатор, жорықшы жырау қалам, қара сия, ақ қағазды пайдаланған, «алыс жерден мөрлi шұбар хат» алған. Римнің атақты шешенi Цицерон: «Қалам – ең жақсы ұстаз, жазылған сөз тап қазiр ойлаған сөзден артық» деп нақты көрсетiптi. Алланың кiтабы Құран кәрiмде: «Оқы: Жаратқан иеңнiң атымен оқы! Оқы! Сенiң Тәңiрiң – ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйреттi. Ол адамзатқа бiлмеген нәрсесiн үйреткен» деп жазылған (әл-Әлақ сүресi, 1, 3-5 аят). Сонда адамзаттың рухани жетiлуiне, өркендеуiне оқу, жазу, қалам ұстау, сияны пайдалану керектiң керегi екен.
Әдебиет • 27 Қазан, 2020
Әжесінің етегіне оралып өскен әрбір баланың ертегіге құмар келетіні ертеден белгілі. Құлынының кірпігі ілінгенше қадағалап отыратын апалардың тәтті әңгімесінен бұғанасы енді қатып келе жатқан балдырған рухани ләззат алатыны хақ. Оның үстіне ежелден ертегімен өренін тәрбиелеген, қиялын дамытып, арманын асқақ етуге мән берген халқымыздың осынау жанры әдебиеттің әліппесі секілді. Жақында жарыққа шыққан Жұмабала Балақаранованың «Ертегілер әлемі» атты кітабынан соны аңғардық.
Әдебиет • 27 Қазан, 2020
Архетиптік желілер (Рахымжан Отарбаевтың «Бас» романы туралы аз-кем сөз)
Зерттеуші кез келген туындыны ғылыми елекке саларда оның «даралық» және «жалпылық» сипаттарына назар аударуы тиіс. Себебі даралық сипаттан – қаламгердің стилі, жалпылықтан – әдебиеттің мызғымас заңдылықтары көрінеді. Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығы жайлы сөз қозғағанда, оның «жабағылана ұйысқан» тың теңеулері мен тұрақты тіркестері, тұңғиық мұңы мен шексіз сағынышы тілге тиек болып жатады.