Өнер • 20 Қазан, 2022
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде әлем тарихынан сыр тартатын құнды жәдігерлер аз емес. Солардың қатарында Еуропа мәдениетінің мәйегі саналған неміс шеберлерінің қолтаңбасы дара мәнге ие. Музей қорында сақталған осынау туындылардың басын біріктірген танымдық көрме «Дюрерден Эйфертке дейін» деп аталыпты.
Экология • 20 Қазан, 2022
Бүгін елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Магнитогорскінің «Металлургімен» өткізеді. Матч аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы (БҰҰ ДБ) мен «Барыс» хоккей клубы «Қар барысын сақтайық!» экологиялық акциясын ұйымдастырмақ.
Спорт • 20 Қазан, 2022
Шевченко «қазақ» болғысы келе ме?
Осыдан бірер күн бұрын қазақстандық спорт басылымдары ресейлік теннисші, әлемнің 149-ракеткасы Александр Шевченко Швеция астанасы Стокгольмдегі ATP-250 турнирінде Қазақстан туы астында бақ сынап жатқаны туралы жазған еді.
Елорда • 20 Қазан, 2022
Астананың Абылай хан даңғылы мен Күйші Дина көшесінің қиылысында Күйшілер аллеясы ашылды. Алматы облысы Қордай елді мекенінен жеткізілген, көлемі 3х2 метрлік мәрмәр тасқа өнерімен кеңінен танымал 101 күйшінің аты қашалып жазылды.
Саясат • 20 Қазан, 2022
Бізге ең алдымен шынайылық пен ашықтық қажет. Қаралы қаңтардан кейін мемлекеттік саясатта үлкен бетбұрыс болды. Өткеннің қателігін қайталамауды мақсат тұтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұл нормалардың барлығы халық тұрмысын жақсарту мен мемлекеттің өркендеуіне бағытталды.