Басылым • 17 Қазан, 2023
Профессор, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықовтың Германияның «LAP LAMBERT» академиялық баспасынан таяуда жарық көрген ағылшын тіліндегі ғылыми еңбегі әлемнің алты тіліне аударылды.
Аймақтар • 17 Қазан, 2023
Қарағандыда дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты республикалық дәстүрлі мүшәйра өтті. Мүшәйра шарты бойынша өлеңдер 20-35 жас аралығындағы ақындар арасынан іріктеліпті.
Тұлға • 17 Қазан, 2023
Жазушы еңбегінің салмағын ешкім өлшей алмас, сірә. Жазу – азап, жазу – мехнат, тіпті «тәтті тамұқ». Жазушы үшін жазудан қиын һәм жазудан оңай дүние жоқ секілді. «Әдебиетті ардың ісіне» балаған бұл қауым әрқашан әдебиеттің әділетін көре бермейді. Атақ-даңқ, марапат пен қошемет жанын жеп жазған қаламгердің бәріне бұйырмайтынын да тарих дәлелдеді. Ал лайықты жазушы еңбегі еленіп, мойындалып жатса, қаламның құдіретіне көзің жете түседі. Әлқисса.
Өнер • 17 Қазан, 2023
Қазір талантты жандар әлеуметтік желі арқылы тез танылатын болды. Көрерменін де сол кеңістіктен тауып жатады. Тасада жүрген шығармашыл адамдарға бұл тым жақсы амал екенін байқап отырмыз. Мәселен, ел астанасындағы Forte Kulanshi Art Space галереясында өтіп жатқан Qazaq Content атты көрме әлеуметтік желілерде ерекше қарқынмен тарап, көпшілікті таңғалдырды. Көрмеде Әсел Сабыржанқызы, Шалқар Қабдеш пен Алмас Нұрғожаевтың туындылары қойылған. Кескіндеме, графика және мүсін өнеріндегі туындылар көптің көзін жаулады. Әсіресе тарихта із қалдырған әйелдер бейнеленген иран, түрік кілемдерін көруге ағылған жұртты көрдік. Біз де бардық.
Мәдениет • 17 Қазан, 2023
«Өскен жерін қимай кетіп барады»
Тыраулап ұшқан тырналар тізбегіне ұзақ қарағанда әлдебір тылсым сезім бойыңды билеп алады. Тіршілік иесі болған соң олар да үн қатады. Не айтады екен? Құстың тілін кім білген... Тылсым үн құпиясы ашылмаған күйде қала береді. Көкжиек төсіне сызғылап сурет салған құс біткен көз ұшынан алыстай түседі. Пешенеге жазылған тағдыр парақтарының бірінен соң бірін жауып бара жатыр ма деп ойға шомасың. Ал бізге ұшарға қанат жоқ...