Экономика • 18 Қазан, 2022
Жетісуда жыл басынан бері облыс экономикасына 156,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Ал сауда айналымының көлемі 235,2 млрд теңгені құрап отыр. Бұл өз алдына жеке отау болған өңір үшін жаман көрсеткіш емес. Қазір экономиканың барлық саласында 22 358 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 11 278-і тұрақты. Облыс бөлінгенде өнеркәсіп саласына күмәнмен қарағандар көп болды. Десе де бүгінде 195,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Алдағы жоспар да ауқымды.
Қоғам • 18 Қазан, 2022
Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялыларының елшіл бағдарын терең түсініп, оны бүгінгі заманға сай жүзеге асыру – алдымызда тұрған үлкен міндет. Ал осынау міндеттің үдесінен шығамыз деген сеніміміз қандай деңгейде?
Қоғам • 18 Қазан, 2022
Күздің басында Абай облысының аумағында дала өрті болып, тілсіз жау халықты біраз әбігерге салған еді. Төтенше жағдай кезінде арнаулы қызметтермен бірге өртті сөндіруге жергілікті азаматтар да жұмылған болатын.
Қазақстан • 18 Қазан, 2022
Ежелден елдік мәселелер биік мінберде көтеріліп, халықтың сөзі алқалы жиындарда айтылып келеді. Тұтас ұлттың тағдыры таразыға түскенде айтылған сөз бен талқыға түскен ұсыныс-пікірдің тарихта алар орны ерек. Күні кеше қайтадан егемен елдің еңселі мерекесіне айналған Республика күнінің тағдыры да осындай алқалы басқосулардың бірінде шешілген еді. Нақтырақ айтсақ, ел тәуелсіздігін жариялауға негіз болған тарихи күн туралы жылдар өткеннен кейін ұлт ұясы – Ұлытаудағы құрылтайда айтылды.
Өнер • 18 Қазан, 2022
Дулат Исабеков әлемі халықаралық театр фестивалінде биіктен көрінді
Көрнекті жазушы, дарабоз драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің 80 жас мерейтойына орайлас өткізілген ІІ халықаралық «Исабеков әлемі» театр фестивалі өз мәресіне жетті. Қарыз бен парыз алдындағы азаматтық ұлы мұратын бір түгендеп, өз-өзінен есеп алып, елге есеп беруді жөн көрген жазушы-драматургтің мерейтойын әдебиетіміздің қуанышы десек, жайдақтау сипаттағанымыз, ең бастысы, ұлттық театр өнерінің мерекесіне айналған мұндай фестивальды рухани кеңістігіміздің қазынасы, жетістігі деп бағалағанымыз жөн.