Қазақстан • 18 Қазан, 2022
Аса жақын араласпасаң да, ерекше құрмет тұтатын жандар болады. Олардың адамдармен қарым-қатынасынан парасаттылық, қарапайымдылық пен биік мәдениет есіп тұрады. Кеңес Нокин шынайы болмысымен айналасына шуақ шашып жүретін, өзін де құрметтете алатын азамат болатын. Ақтөбе өңірінің көптеген ауданында шаруашылық қызметін атқарып, облыстық партия комитетінде 22 жыл бойы жұмыс істеп, ауыл шаруашылығы саласына басшылық еткен.
Таным • 18 Қазан, 2022
Қазақта кім өтпеген? Білеріміз – бір тоғыз, білмейтініміз – тоқсан тоғыз. Өйткені өзін өзі сақтау түйсігі арқылы осы күнге жеткен ұлтта білмегенін біле қоярдай мұрсат болмады. Содан да Тәуелсіздікке дейін тірі қалу үшін тіршілік кешкен біз тұлғаларымызды толық түгендеп біткен жоқпыз.
Таным • 18 Қазан, 2022
Өткен шілде айының алғашқы аптасында кезекті еңбек демалысымызды алып, туған жер, өскен өңір Бай-Өлкеге барған едік. Осы сапарымызда, әдеттегідей аймақ орталығындағы өлкетану музейіне бас сұқтық.
Аймақтар • 18 Қазан, 2022
«Нан болса – ән болады» деген нақылдың бәсі әр кезде де биік болып қала бермек. Ал дастарқанға қойлар нанның негізі дән еккен шаруалардың егіс алқаптарында қаланатыны анық. Қазір аймақтарда алтын күзбен бірге алтын дән жинау науқаны да қызып тұр. Болжам бойынша биыл ел қамбасына күткендігіден де көп мөлшерде астық түсуге тиіс.
Аймақтар • 18 Қазан, 2022
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының басымдықтарын жүзеге асыру мақсатында өңіріміздің бір топ жастары еліміздің ежелгі қалаларының бірі санатындағы – Тараздың тарихи нысандарымен танысып қайтты.