Өнер • 22 Қазан, 2021
Ұлттық киномызда тарихта із қалдырған жеке адамның тағдырына негізделген өмірбаяндық фильмдер жоқтың қасы. Алғаш «Мұқағалидың» жарнамасы пайда болғанда кинодағы культ кейіпкерлердің кемшіндігі еске түсті. Дерегі аздық етсе де, дәлдіктен ауытқып, автордың қиялымен байытылған дүние болса да, көрермен өзі табынатын адамы туралы тереңірек білгісі келеді және бұл тарапта жасалған сынық сүйем дүние далада қалмайды. Себебі өнер тілінде суреттелген талант тағдыры туралы кез келген көркем туындыға көрермен қызығушылығын жоғалтқан емес.
Әдебиет • 22 Қазан, 2021
Шыны керек, Сайын Мұратбековтің әр шығармасы қазіргі қазақ прозасындағы қалам ұстап жүрген жазушыларға әсер етті, тіпті кейбірі еліктеп оқылымды шығармалар жазғысы да келді. Біздің әдебиетте қазақы өмірді айызын қандыра жазған қаламгерлердің ішінде табысты болғаны да Сайын Мұратбеков дер едім.
Руханият • 22 Қазан, 2021
Қазақ прозасы үшін Сайын Мұратбековтің алар орны ерекше. Соғыстан кейінгі ауыл өмірін мөлдірете жазған қаламгердің әр шығармасы оқырман жадынан әлі өшкен жоқ, керісінше, сәт сайын оқылып келеді. Әдебиеттің жүгін жауапкершілікпен атқара білген арда жазушы ешкімге ұқсамайтын стилімен ұлт прозасындағы орнын биіктетіп, өзіндік мектеп қалыптастырып кетті. Бүгін жазушының туған күнінде көзкөрген қаламдастары мен шығармашылығын зерттеген әдебиетшілердің пікірлерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Әдебиет • 22 Қазан, 2021
Бүгінгідей күздің қоңыр салқынында себепсіз Сайынды оқығың келетіні қызық. Әрине, кезекті рет. Сөреңде оқылмаған түрлі кітаптар сықиып тұрса да, дәл осы мезгілде ешқайсысына зауқың болмайды. Іштегі бір дауыс «Қылауды», «Жабайы алма» мен «Жусан исін» іздеп тұрады. Иә, көңіл күй де кітап талғайды. Әсіресе, күрең күздің сары-ала сағынышқа толы күндерінде кейіпкер-Әсетпен («Басында Үшқараның») бірге сонау өлкедегі туған ауылға, алыс-алыс қыраттарда қалған балалық шаққа – жып-жылы естеліктерге сапар шеккіміз келер. Әлде күн суыса, Сайынға тартатын Аянның көкесінің жусан исі сіңген күпәйкесі ме екен...
Медицина • 22 Қазан, 2021
Лейкемияны жеңуге сіз де көмектесе аласыз
Иә, дәрігер емес, қатардағы адам бұл дертті жеңуге көмектесе алады. Қалай дейсіз бе? Бастысы – «Қан орталығына» бару.