Мәселе • 12 Қазан, 2023
Сұйытылған газға сұраныс көбейді: Ал тапшылық қалай шешілмек?
Мұнай мен табиғи газды өңдеуден алынатын жанама өнім – сұйытылған көмірсутек газы ең көп пайдаланылатын отын түріне айналып келеді. Бір жағынан былтыр бағаны мемлекеттік реттеудің енгізілуі, екінші жағынан АИ-92 маркалы бензиннің қымбаттауы осыған әкелді. Нәтижесінде, сұраныстың 65%-ы автокөлікке тиесілі болып отыр.
Аймақтар • 12 Қазан, 2023
Солтүстік Қазақстан облысы: Отын нарқы ойнап тұр
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукиннің айтуына қарағанда, бүгінгі таңда көмірдің бағасы тұрақты емес. Түрлері мен сапасына қарай оның бір тоннасының бағасы 12 500 теңгеден 20 мың теңгеге дейін құбылып тұр.
Баға • 12 Қазан, 2023
Абай облысы: Көтерме құнының өзі жоғары
Абай облысының орталығы Семей қаласынан бастап, аудандарға қатты отын негізінен жүк пойызы мен жүк көліктері арқылы «Қаражыра» көмір кенішінен тасымалданады.
Қоғам • 12 Қазан, 2023
Қоныс аударушыларға оң көзқарас керек
Еліміздің солтүстік өңірлері үшін оңтүстіктен теріскейге жалғасқан көштің үзілмеуі аса маңызды. Кейінгі жылдар дерегінде Керекуге мыңдаған отбасы қоныс аударып, тұрақ тапты десек те кейбір азаматтар өздеріне тиесілі көмекке уақтылы қол жеткізе алмай немесе жұмысқа тұруда қиындыққа кезігіп жүргендері байқалады.
Салық • 12 Қазан, 2023
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Үкіметтен күнбағыс дәніне қатысты осы жылдың ақпан айында енгізілген баж салығының көлемін қайта қарастыруды талап етіп отыр. Шаруалар аталған салықтың ондаған кәсіпорынды банкроттыққа ұшыратуы мүмкін екенін алға тартады.