Тарих • 10 Қазан, 2018
Ұлттық қазынамыздың бірі – қазақтың байырғы қара есептері. Яғни, қазақ халқының байырғы көне есептерінен ұлтқа тән ерте замандағы тұрмыс-салты, әлеуметтік өмірі мен мәдениеті және де басқа сипаттары туралы аса құнды ақпараттар алуға болады. Осы тақырыпты зерттеп жүрген белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Сейітқасым Байбеков жақында редакциямызға келіп, Ұлы даланың рухани мұрасы іспеттес көне есептерді насихаттау мақсатында ұсыныс жасаған еді. Соған орай, біз авторлармен келісе отырып,ұлттық құндылықтарымыздың бір парасы саналатын қазақтың қара есептерін жариялауды қолға алып отырмыз. Сонымен қатар басылым жанашырлары үшін жағымды жаңалық, газетке жарияланған қара есептердің жауабын дұрыс тапқан оқырмандарымызға арнайы сыйлықтар қарастырылған.
Аймақтар • 10 Қазан, 2018
Солтүстік Қазақстан активі Жолдауды талқылады
Өңірде ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, аудан, қала әкімдерінің, басқарма, департамент басшыларының, депутаттардың, этномәдени бірлестік жетекшілерінің қатысуымен «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы жан-жақты талқыланды. Актив жиынында облыс әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасап, сөйлеушілер ой-пікірлерімен бөлісті.
Спорт • 10 Қазан, 2018
2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары Сенегалда өтеді
2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары Сенегалда өтеді, деп хабарлайды Euronews.
Аймақтар • 10 Қазан, 2018
Жемқорлық деректері білім саласында жиі кездеседі
Биыл 8 ай көлемінде Түркістан облысында 170 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелген. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыпталған жергілікті атқарушы органдар 25 мемлекеттік қызметкерінің 18-і пара алу дерегімен жауапкершілікке тартылса, 4-еуі алаяқтыққа жол берген. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың басым бөлігі Сарыағаш, Сайрам және бұрынғы Мақтаарал ауданына тиесілі. Аудан әкімі аппараты қызметкерлеріне қатысты 7 оқиға тіркелсе, әкімдердің үстінен сыбайлас жемқорлыққа байланысты 6 дерек анықталған.
Қазақстан • 10 Қазан, 2018
Жолдауда кәсіби біліктілікке басымдық берілген - Руслан Жақсылықов
Қоғам тыныштығын қырағылықпен күзетіп келе жатқан қарулас достарымыз бен әскери салада қызметте жүрген әріптестеріміз және отандастарымыз жуырда ғана өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, жарқын болашаққа жетелейтін тың бастаманың куәсі болды. Өйткені, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауында біз сөз еткен мәселелер стратегиялық тұрғыда маңызды екені сөзсіз әрі бұл мақсаттар ел азаматтарына бірқатар жауапкершіліктер жүктейді.