Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Бірнеше күн болып қалды, Астанада жолда жүру тәртібін бұзып, алақұйындатып жүрген көлікті кездестіру қиын. Қай көшеге қарасаңыз да жылдамдықты асырмайтын тәртіпті жүргізушілер... Қоғамдық көліктерге арналған жолақ бойынан тек автобустар мен таксилерді байқайсыз, басқа көліктер көрінбейді. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатындар да көзге түсе қоймайды. Қазір екінің бірінің аузындағы әңгіме осы жайында – «Сергектен» сақ болыңыз» деп құлаққағыс жасап жатады.
Білім • 03 Қазан, 2017
Аграрлық ғылым мен білімнің бірегей шаңырағы
1957 жылы КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен алғаш рет Ақмола жерінде жоғары оқу орнын құру туралы шешім шыққан болатын.
Аймақтар • 03 Қазан, 2017
Аудан орталығы туралы «айтыс» аяқтала ма?
Павлодарское ауылы облыс орталығынан 6 шақырым жерде. Бұрынғыдай тағы да ауылдықтар – ауылда, қалалықтар қалада болатын түрі бар. Бәленбай млрд қаражат бөліп, аудан орталығын қаланың бір шетінен екінші шетіне көшірудің еш тиімділігі жоқ сияқты.
Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Жетпісбай Дүйсембеков: Отандық құрылыс материалдары табанымыздың астында жатыр
Қазір білген адамға бизнестің көзі де, тезі де құрылыстың дәл өзінде. Экономикамыздың да басым бағдары осы саланы айналып өте алмайды. Оның үстіне халқымыздың баспаналы болу мәселесі қашанда көкейкесті күйінде қала бермек. Ұлттық инженерлік академияның академигі, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жетпісбай ДҮЙСЕМБЕКОВПЕН осы мәселе төңірегінде әңгіме қозғаған едік.
Қазақ киносының цифрлы топтамасы
Қазір әлем киносының Люмьерлердің алғашқы екі-үш минуттық сюжеттерінен бастап, күні бүгінге дейін түсірілген кез келген фильмін интернеттен немесе арнайы лицензиясы бар дискілерден таба аласыз. Әсіресе Еуропа, Америка фильмдерін іздеп-табу ешқандай қиындық туғызбайды. Көрші Ресей елі де біраз жылдар бұрын «Мосфильм», «Ленфильм», «Свердловфильм», т.б. киностудияларында түсірілген фильмдерді заманауи цифрлы форматқа көшіріп, халыққа ұсынғаны мәлім. Әрине бұл – әлем жұрты өзінің кинотарихын көрерменге бір табан жақындатты деген сөз.