Инвестиция • 08 Қазан, 2024
Жиһаз өнеркәсібіне 8 млрд теңге инвестиция
Еліміздің жиһаз өнеркәсібінің инвестициялық портфелі құны 17 млрд теңгеден асатын 9 жобаны қамтиды. Оларды іске асыру арқылы шамамен 1000-ға жуық жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы «QazIndustry» Индустрия және экспорт орталығының жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы хабарлады.
Пікір • 08 Қазан, 2024
Референдумға Әзербайжаннан – 13 адам, Парламенттен – 6, Орталық сайлау комиссиясынан 7 адам келдік. Қазақстандағы дипломатиялық миссиядан тағы 3 адам бар. Сағат 15.00-ге дейін 45 учаскеге барып, дауыс беруді бақылап үлгердік.
Еңбек • 08 Қазан, 2024
«Қазгер құс» серіктестігі жылына 300 млн данадан аса жұмыртқа өндіреді. Құс саны – 1 млн 200 мың төңірегінде. Кәсіпорын мемлекет қолдауының арқасында қанатын кеңге жайып келеді. 2008 жылы алғашқы өнімін тұтынушыларға ұсынған. Сол жылы банктен небәрі 4 пайызбен несие алған. Еңселерін көтерген де – осы демеу.
Сенат • 08 Қазан, 2024
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросы өтті. Онда депутаттар 10 қазанда өтетін отырыстың күн тәртібін бекітіп, Сенаттың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясындағы міндеттерді талқылады.
Экономика • 08 Қазан, 2024
Батыс қақпаның көлік әлеуеті қандай?
Батыс Қазақстан облысын «Еліміздің батыс қақпасы» деп атайды. Расында, Еуропа құрлығына жататын азғантай пұшпағымыз осы өңірде. Ресейдің бес облысымен шектесіп жатқан, Еуропаға ең төте жол шығатын Ақжайық өңірінде көлік-коммуникация саласында айта қалатын жақсы жаңалық та, көптен күрмеуін таппай келе жатқан түйін де жетерлік. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов өңірдегі көлік жүйесінің дамуы мен жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мәселесін әрдайым басты назарда ұстап келеміз дейді.