Экономика • 05 Қазан, 2023
Осы жылдың көктемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізіміндегі бірқатар өнімдердің бағасы төмендей бастады: қарақұмық жармасы, картоп, сәбіз, пияз, қант және тауық еті арзандады. Бұл үрдіс жалғасын тауып, маусымның соңында 1,5 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы апталық мәнде төмендеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ӘМАТ бағасының индексі 4,2%-ды құрады және бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 4 есе төмен болды (17,2%).
Үкімет • 05 Қазан, 2023
Кәсіпкерлікті дамытуға кедергі көп
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектормен кездесу өткізді.
Өндіріс • 05 Қазан, 2023
Арқа төсінде кеңінен көсіліп, 200 гектарға жуық алқапты алып жатқан алып зауыт алыстан көз тартады. Екінші кезегі іске қосылған сәттен бұл өндірістік кешен жылына 250 мың тонна жоғары сапалы алюминий шығаратын жобалық қуатында жұмыс істей бастады. Сапалы алюминий бүгінде Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Түркия, Грузия, Нидерланды, Италия, Грекия мемлекеттеріне және Еуропаның өзге де елдеріне экспортталып жатыр.
Саясат • 05 Қазан, 2023
Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен «Shell» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юнович мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Ұстаз • 05 Қазан, 2023
5 қазан – мұғалім күні: Төр – мұғалімдікі
«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі». Марғасқа ақын Мағжан Жұмабайдың аталы сөзін кейінгі кезде жиі айтатын болдық. Тереңіне бойлай білгенге бұл – салмақты сөз ғана емес, болашаққа бағыт-бағдар, жөн сілтеу, тіпті аманат. Азатпыз деп еңсе тіктеген кезеңде кемі бір ғасыр бұрын айтылған аманаттың үдесінен шыға алып жүрміз бе?