Зерде • 04 Қазан, 2023
Биыл Кереку өңірінен түлеп ұшқан, қазаққа жауһар жырларын сыйлап, әдебиетіміздің қорын байытқан қос тұлға – Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл, көрнекті ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың туғанына 95 жыл. Бірі аға, екіншісі іні болып ғұмыр бойы сыйласып өткен қаламгерлердің өмірлері де өнегеге толы. Осы орайда екі әдеби тұлғаның арасындағы құрмет, бауырмалдық қасиеттер туралы сөз етпекпіз.
Айбын • 04 Қазан, 2023
Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу орталығында Әлихан мен Мәдихан есімді егіздердің арманы орындалды. Ол қандай арман десеңіз, екеуі де ұшқыш болуды бала кезінен ойлаған екен. Әскери базада тікұшаққа отырып көрген екеуінің үлкен арманы жақындай түсті.
Қоғам • 04 Қазан, 2023
Қарттар күні қарсаңында тәртіп сақшылары ведомство ардагерлеріне барып, мерекемен құттықтауды әдетке айналдырған. Соның ішінде полицияда 30 жылдан аса қызмет еткен ардагерді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың өзі барып құттықтады. Ермек Талғарбаев ағамыз Жамбыл облысының тумасы. Еңбек жолын 1972 жылы бастаған. Қызметтің басым бөлігін Шу стансасында өткеріп, есірткіге ымырасыз күрес ашқан құқық қорғаушылардың бел ортасында жүрді. Негізгі қызметі милицияның балалар бөлмесінде, қылмыстық іздестіру бөлімдерінде жалғасып, кейіннен басшылық қызметтерге дейін өсті.
Экспорт • 04 Қазан, 2023
Экспорттық әлеует қалай артады?
Қазақстанды азық-түлік хабына айналдыру, өзге елдерге экспортталатын өнімдер көлемін ұлғайту мәселесі қозғалып отыр. Осы орайда экспорттық әлеуетті арттыру үшін қандай бағыт таңдалады? Бұл мәселе Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың атыраулық кәсіпкерлермен кездесуінде талқыланды.
Аймақтар • 04 Қазан, 2023
Көкше өңірі мәдениетімен еңселі
Кейінгі жылдары өңірде мәдениет ошақтарының жұмысы біршама жанданып келеді. Облыс тұрғындары рухани кеңістігін нұрландырып, ұлттық мәдениеттің жарқын сәулесімен өнердің өріне ұмтылып жатыр.