Қазақстан • 08 Қазан, 2019
«Сарыарқа» газ құбыры кешікпей келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында алға қойылған міндеттердің бірі халықты көгілдір отынмен қамту мәселесіне арналған болатын. Президент Жолдауда да еліміздің бас қаласына, солтүстік және орталық өңірлерге газ тарту жұмысына ерекше тоқталған.
Бизнес • 08 Қазан, 2019
Шағын және орта бизнестің шырайын келтіріп отырған кәсіпкерлер саны Атырау облысында 57 мыңнан асады. Бұл кәсіпкерлік субъектілерінде 127 мың тұрғын жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауындағы: «2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді» деген тапсырмасы атыраулық кәсіпкерлер үшін де жақсы жаңалық болды. Қолдау мен қамқорлық қай істің де ілгері жылжуына септігін тигізеді.
Бизнес • 08 Қазан, 2019
Орта бизнестің үлесі төмендеп кеткен
Кәсіпкерлікті сипаттағанда оның нарықтағы, ішкі жалпы өнімдегі, экспорттағы үлесіне қатысты көңіл толмайтын деректер орын алып отыр. Соңғы үш жылда негізгі қорларға салынатын инвестиция көлемі азайып, осының салдарынан бизнестің болашаққа деген сенімсіздігі байқалады.
Қаржы • 08 Қазан, 2019
Қаржы салуға мүдделі кәсіпорындар көбейіп келеді
Еліміздің үшінші ірі қаласына инвестиция салуға қызыққан кәсіпкерлердің қатары артып келеді. Жуырда Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов өңірде өндірісін өркендетуді көздеген GG Group трансұлттық корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы, непалдық миллиардер Бинод Чаудхаримен кездесті.
Қазақстан • 08 Қазан, 2019
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің тетіктерін жетілдіру және азаматтық авиацияны дамыту мәселелері қаралды.