Өнер • 11 Қазан, 2022
Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада өңірімізге танымал күйші, ұстаз, ұлт жанашыры, «Облыстың құрметті азаматы» Серікбай Құсайыновтың 85 жылдығына арналған «Он саусағынан күй тамған» атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті.
Аймақтар • 11 Қазан, 2022
Бала табиғатын танып, кішкентай жүректің лүпілін сезінуге шақыратын кең тынысты шығармалар жазу кез келген қаламгердің оңтайына келе бермейді. Жас оқырманға арналған кітаптардың сиреп кетуінің бір себебі де осы. Бала – тұнық әлем. Олардың жүрегіне жол табу үшін қаламгерге жан тазалығы керек. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Шәмшабану Хамзақызының балаларға арналған туындылары періште көңіл оқырман үшін үлкен олжа.
Қоғам • 11 Қазан, 2022
Ботаник болуды армандайтын балалар
Табиғат пен өсімдіктер әлемін кітаптан оқыған бір бөлек. Дегенмен айналамыздағы ғажайып жаратылысты өз көзіңмен көріп, сезінгенге не жетсін?! Бірақ бүгінгі баланың екі көзі табиғатта емес, қолындағы гаджеттерде болғандықтан, өскелең ұрпаққа мектептен бастап ғылымды дәріптеу, зерделі балаларды әу бастан танып, бағалап, бағыттап отыру өзекті іске айналды.
Бизнес • 11 Қазан, 2022
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Жансая Мирамбекқызы цитрустық жеміс ағаштары мен құлпынай өсіруді қолға алды. Студент «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жоба ұсынып, жеңімпаз атанды.
Аймақтар • 11 Қазан, 2022
«Onay»-мен төлеу арзанға түседі
Қарағанды қаласында қазанның 15-інен бастап қолма-қол төлейтіндер үшін жолақы 150 теңгеге көтеріледі. Ал «onay» көлік картасы бар жолаушыларға расында оңай. Олар үшін жолақы – 80 теңге. Мұны жергілікті билік сараланған тариф дейді. Әрі тарифтің бұл түрі Әділет министрлігімен келісілген екен.