Қоғам • 29 Қазан, 2019
Өткен жұмада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ұлы дала тарихы: көне дәуірден қазіргі заманға дейін» атты Еуразиялық форум өтіп, оған еліміздегі Әзербайжан және Қырғыз Республикасының Төтенше және өкілетті елшілері, тарихшы ғалымдар, танымал түрколог-номадолог мамандар, сондай-ақ абайтану, фарабитану саласының жетекші ғылыми қызметкерлері қатысты.
Қоғам • 29 Қазан, 2019
Шетелдіктер Алтын Орда туралы не біледі?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында Моңғолия Шыңғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отырғанын мысал етіп, ал сол Ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейтінін айрықша атап өткен еді.
Қазақстан • 29 Қазан, 2019
Шымкенттен Түркістанға барар жолда немесе батыстан оңтүстікке келер бетте алыстан менмұндалап тұратын төбеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ордабасы – ел жүрегі, жер кіндігі» деген анықтама берсе, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев «қазақ рухының қағбасына» теңеген болатын. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Ұлы даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарғанын атап өтті.
Аймақтар • 29 Қазан, 2019
Бурабай баурайында еліміздің солтүстігінде ет өндірісі кластерін құруға арналған «Дамудың жаңа аймағы: Макинск» атты бизнес-форум өтті.
Аймақтар • 29 Қазан, 2019
«Жеті мың гектар жерге егін ектім...»
Биылғы орақ науқаны өте ауыр болды. Бұл туралы біз «Ауа райы қолбайлау болып тұр» деген Еgemen Qazaqstan-ға шыққан мақаламызда (01.10.19) жазғанбыз. Сол қиындықты еңсеріп, астығын қырман мен элеваторға жиып алған облыстағы белгілі диқаншылардың бірі «Тоқушы-Грейн» ЖШС төрағасы Жомарт Омаровпен әңгімелескен едік.