Аймақтар • 07 Қазан, 2019
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы біраз игі істерге жол ашты. Соның тағы бір дәлелі – Атырауда ашылған скейт-парк. Экстремалды спортқа қызығатын жастарға арналған жаңа нысан аталған бағдарламаның «Туған жер» бағыты бойынша Атырау қаласының күніне арналған сый болды. Игі іске ұйытқы болған - «ГазСтройМонтаж» ЖШС басшысы Ерлан Табылдиев. Бұған дейін де аймақта бұқаралық спортты дамыту шараларына белсенді қатысып жүрген кәсіпкер облыс орталығындағы «Ретро саябақтан» осындай орын ашуды жөн көріпті.
Аймақтар • 07 Қазан, 2019
Ақтауда өткен фестиваль аясында «Kinoplexx - Aktau» кинотеатрында «Гангстер Шаман» комедиясы және «Читающий лица» тарихи драмасы сынды екі толық метражды фильм көрермендерге ұсынылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ақпараттық-ресурстық орталығы хабарлады.
Спорт • 07 Қазан, 2019
Алматыда жағажай волейболынан студенттік лига аяқталды
Алматы қаласында студенттер арасындағы жағажай волейболынан чемпионат мәреге жетті. Оңтүстік астанадағы жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырылған сайыста Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құралған команда жеңімпаз атанды.
Аймақтар • 07 Қазан, 2019
Мұнайлы ауданында 35 кәсіпкерге қолдау бағытында 192,0 млн теңге көлемінде несие берілді
Бұл туралы өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мәлімдеді.
Аймақтар • 07 Қазан, 2019
Атырау аграрлы-техникалық колледжі енді мемлекет және қоғам қайраткері Оңайбай Көшековтің есімімен аталады.