Қала күні мерекесінде пайдалануға берілген нысанның ашылу салтанатында шаһар басшысы Алимұхаммед Құттұмұратұлы: «Жаңа скейт парк спортты дамытуға сүбелі үлес қосады деген сенімдемін. Жастардың уақытын тиімді өткізуге арналған спорттық нысандар қатарын толықтырып, алаңдар салуды алға қарай да жалғастыра береміз»,-деп атап өтті.
Скейт парктің жалпы аумағы – 1600 шаршы метр. Мұнда сырғанап, кроссфитпен шұғылдануға, стритбол алаңында айналысуға болады. Қоғамдық тамақтану, спорттық құралдар сататын орындар да қарастырылған.
Облыс орталығында Жайық өзенінің жағасында орналасқан Ретро саябақ бүгінде атыраулықтар мен қала қонақтарының демалатын жайлы орнына айналды. Әдемі гүлзарлармен көмкерілген саябақта амфитеатр, кафе, көрме залы, музыкалық субұрқақ пен жасанды тоған бар. Енді бұл қатарға скейт парк те қосылды.
АТЫРАУ.