Театр • 06 Қазан, 2022
1932 жылы Кеңес өкіметінің қаулысымен Владивостокта Қиыр Шығыс өлкелік корей театры болып іргесі қаланған Алматыдағы Республикалық Мемлекеттік академиялық корей театры 90 жылдық мерейтойын сән-салтанатымен атап өтті. Клуб үйірмелерінің негізінде құрылған сол театр қазақ жерінде уығын қадап, торқалы тоқсан жасына дейін түрлі қиындықтарды бастан кешсе де, есігіне қара құлып салған кезі жоқ, бір күн де еңсесін түсірмей, ертеңгі күнінің жарқын беттерін жасампаз еңбегімен жазып келеді.
Сұхбат • 06 Қазан, 2022
Адамзат тарихына үңілсеңіз, есепсіз соғыстар, қақтығыстар барысында жеңуші жақтың тонаушылық әрекеттері, контрибуция есебінде қымбат заттарды тартып алуы негізінде небір адам қолынан туындаған асыл заттар бір елден бір елге көшіп отырғанын байқайсыз. Мұнан басқа контрабандалық жолмен де, авантюрист қазына іздеушілер мен қазіргі күнгі «қара археологтер» деп аталатындардың тапқанын шет елдерге сатуы арқылы да ежелгі Мысыр мен Таяу Шығыс елдерінен, Үндістан мен Қытайдан, Орталық Азия қалалары мен далаларынан есепсіз жәдігерлер қолды болып, дамыған елдердің музейлерінен немесе бай коллекционерлердің жеке қорларынан орын тапты. Түркістандағы Ясауи кесенесінен қолды болған құндылықтардың ең бір асылы туралы «Әзірет сұлтан» қорық мұражайының қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Марат Тұяқбаевпен кездесіп, әйгілі Луврдағы шырағданның онда қалай барғаны және оны елге қайтарудың қандай қисынды жолдары бары төңірегінде пікір алысқан едік.
Спорт • 06 Қазан, 2022
Қазіргі кезде спорттың қай түрінде де қазақ мамандарына сұраныс жоғары. Соның арқасында бірқатар азаматымыз әлемнің әр қиырында жемісті еңбек етіп жүр. Солардың бірі – Думан Бөлтіріков. Кезінде аса ауыр салмақ дәрежесінде күш сынасқан қазақ балуаны бүгінде Оңтүстік Америка құрлығында жаттықтырушылық қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, осыдан тура сегіз ай бұрын ол еркін күрестен Эквадор ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Жуырда онымен әңгімелесудің сәті түсті.
Аймақтар • 06 Қазан, 2022
EcoStudentKZ: Жастар жұдырықтай жұмылды
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің белсенді жастары республика көлемінде өтіп жатқан EcoStudentKZ челленджін Екібастұз қаласының жастарынан қабыл алып, Тараздың орталық көшесі саналатын Төле би даңғылында орналасқан оқу орнының маңайын қоқыстан тазартты.
Өнер • 06 Қазан, 2022
Алма – Алатау баурайындағы шаһардың мақтанышы, молшылығы мен берекесінің белгісі. Айнала толы алма мың түрлі бояуға малынған шаһарды күздігүні ерекше шырайландыра түседі.