Қазақстан • 26 Қазан, 2017
Латын қарпіне көшу жөнінде көптен бері айтылып келе жатыр. Соңғы кездері бұл мәселе ел көлемінде қызу талқыланып жатқан жайы бар. Қазір біз латын қарпіне қайта оралып жатырмыз деуге болады.
Қазақстан • 26 Қазан, 2017
Ширек ғасыр бұрын егемендігін алған еліміз тарихи өлшеммен алып қарағанда қас-қағым сәтте таңдай қағарлық жетістіктерді еншілегенін мақтанышпен айтуға тиіспіз. Экономикалық ахуалға аударылған әу бастағы назар қазір мемлекетіміздің босағасын берік етіп, керегесін кеңейтті, шаңырағымыздың асты шат-шадыман күйде.
Қазақстан • 26 Қазан, 2017
Болмашы жауапкершіліктен босататын бап керек
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына жетекшілік еткен Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасын талқылау барысында айтарлықтай зиян келтірілмесе, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін норманы мұқият зерделеу қажеттігі туралы мәселені көтерді. Өйткені депутаттардың айтуынша, қазіргі қолданыстағы Кодексте «болмашы құқық бұзушылық» пен «оған жауапкершіліктің» ара-жігі ажыратылмаған екен. Ал халық қалаулыларының пікірінше, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін мұндай баптың болуы қоғам үшін аса қажет.
Күрес • 26 Қазан, 2017
Астанада Қазақстан бокс күні аталып өтіледі
29 қазан күні Астана қаласындағы «Керуен» сауда орталығында Қазақстан бокс күні аталып өтілмек.
Қазақстан • 26 Қазан, 2017
Қазақстан қабылдаған шаралар одақ елдерінің мүддесін көздейді
Кеше Еревандағы ЕҮАК-тің кезекті отырысында Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанмен шекарадағы бақылауды күшейту шараларына түсініктеме берді. Б.Сағынтаев Қытайдан ЕАЭО мемлекеттеріне тауарлар импортының серпіні Қырғызстаннан басқа, барлық елдерде оның төмендеуін білдіретінін, бұл өз кезегінде Қырғыз Республикасы тарапынан кедендік әкімшіліктендірудің жеткіліксіз деңгейін көрсететінін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан шекарасындағы бақылауды күшейту тек қана жүк тасымалдаушылар тарапынан заң бұзушылықтарды анықтауға бағытталған, деді Премьер-Министр.