Театр • 26 Қазан, 2022
Елордада өтіп жатқан Қазақстан драма театрларының Шолпан Жандарбекова атындағы республикалық XXVIII фестивалі аясында тұлға жайлы қос бірдей тағылымды еңбек жарыққа шықты. Оның алғашқысы Қазақстанның халық әртісі Қадыр Жетпісбаев туралы естеліктер жинағы мен «Бала мерген» драмалық шығармалар екі томдығы болса, екіншісі – «Алаштың Ақтоқтысы» атанған аңыз актриса, театр мен кино жұлдызы, КСРО халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шолпан Жандарбекова жайлы «Шолпан жұлдыз» кітабының оқырманмен қауышуы. Қазақ театр тарихына теңдессіз тарту болып қосылған атаулы еңбектің қай-қайсысы да ұлттық өнеріміз үшін өлшеусіз олжа екені даусыз.
Қазақстан • 26 Қазан, 2022
Электронды коммерция: Тұтынушы сұранысы қалай өзгерді?
Сарапшылардың бағалауынша, бөлшек электронды коммерция нарығында айтарлықтай өсім бар. Бұған PwC Kazakhstan компаниясы мен Цифрлы Қазақстан қауымдастығы бірлесіп дайындаған «Қазақстан Республикасындағы бөлшек электронды коммерция нарығына талдау» деп аталатын зерттеу нәтижесі дәлел. Талдау 2022 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша жасалып отыр. Зерттеу барысында нарыққа шолу жасалып, сатылым көлемі мен транзакциялар саны, орташа чек пен ондағы өзгеріс, электронды коммерциядағы маркетплейс рөлі негізге алынған.
Технология • 26 Қазан, 2022
Тауар сатудағы түрік маркетплейсі
Қазақстан мен Түркия арасындағы келісімге сәйкес енді біздің тауарлар ірі түркиялық маркетплейс – Trendyol арқылы сатылатын болды. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Спорт • 26 Қазан, 2022
Келесі аптада Алатау баурайындағы әсем шаһарда мәнерлеп сырғанау спортының «мұзбалағы», 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді еске түсіруге арналған ІІІ халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Халықаралық коньки тебушілер одағы (ISU) ұйымдастыратын Challenger санатындағы жарыс 26-28 қазан күндері Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтеді.
Аймақтар • 26 Қазан, 2022
Республика күні қызылордалықтарға айрықша тарту жасады. Бір күнде қала мен облыс аудандарында балалар үшін 80 спорттық ойын алаңы, Оқушылар үйі мен балабақша пайдалануға беріліп, облыс орталығындағы қоғамдық көліктер қатары 40 автобуспен толықты.