Аймақтар • 07 Қазан, 2021
Қалпына келтіру жұмыстары қарқынды
Тамыз айының соңында Байзақ ауданында орын алған жарылыстан барлығы 176 жылжымайтын мүлік зардап шеккен. Оның ішінде 159 тұрғын үй мен 12 коммерциялық, 4 әлеуметтік және 1 инфрақұрылымдық нысан бар. Ал, 35 үй мен 12 коммерциялық нысан айтарлықтай бүлінген. Сондай-ақ 48 нысан бойынша қорытынды алынған.
Қазақстан • 07 Қазан, 2021
4,8 мыңнан аса жүк вагоны күрделі жөндеуден өтті
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазтеміртранс» АҚ-ның 4,8 мыңнан астам вагоны жоспарлы жөндеуден өтті. Бұл ретте күрделі салымдар жоспары бойынша вагондарды жөндеу көлемі 117%-ды құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда 34 вагонға артық. 2021 жылы 2020 жылға қарағанда 9% көп вагон күрделі жөнделген.
Қазақстан • 07 Қазан, 2021
ЕАЭО азаматтары елімізде қашықтан жұмыс істейді
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық процестерді ескере отырып, еліміздің Еңбек кодексіне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына Қазақстан аумағында орналасқан кәсіпорындарда қашықтан еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді.
Аймақтар • 07 Қазан, 2021
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Alstom компаниясы кезекті келісімге қол қойды. Қол қою рәсімі «Электровоз құрастыру зауыты» алаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен Alstom-ның Батыс және Орталық Азиядағы басқарушы директоры Гийом Триттердің қатысуымен өтті.
Аймақтар • 07 Қазан, 2021
Темір жол күзеті қызметкерлері сайысты
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Ақтөбе филиалы ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен теміржолдағы күзет қызметінің 100 жылдығына орай бірнеше спорт түрінен сайыс өтті. Оған осы құрылымның Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі мен Ақтөбе облысындағы Ембі, Қандыағаш, Никельтау, Әйтеке би, Шалқар бекеттерінің атқыштар командасы қатысты. Теміржол қызметінің атқыштары кіші футбол, теннис, гір көтеру, турникке тартылу, арқан арту, мини футбол, қашықтыққа жүгіруден сайысты.