Қоғам • 09 Қазан, 2020
Мүгедектігі бар тұлғалар күніне арналған шаралар
Ел аймақтарында жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Мүгедектігі бар тұлғалар күніне орай бірқатар іс-шара өткізіледі. Осы айдың ортасына дейін ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін денсаулықтарын, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және тағы басқа бағыттарға арналған акциялар ұйымдастырылады.
Қоғам • 09 Қазан, 2020
Қаңтарылған зауыт, аңтарылған халық
Осыдан 7 жыл бұрын Жалағаш ауданында қызыл мия тамырын өңдейтін зауыттың іргетасы қаланып, күріштен өзге өндірісі жоқ аудан халқы бұл бастаманың болашағынан көп үміт күткен.
Ең қысқа әңгіме • 09 Қазан, 2020
Құдалыққа үш қарт қосылды. Оларды қарсы құдалар Алатаудың баурайында күтетін болыпты. Терең шатқалдар, сарқырап аққан бұлақ. Көкмайса шалғын. Аспанмен таласқан шынар.
Әдебиет • 09 Қазан, 2020
Адам – Құдай жасаған шедевр деседі. «Сонда жазушыға не қалды?» деген сұрақ туады. Сюжеттің бәрі о баста жасалып қойған болса, жазушыға не қалды? Жазушыға қалғаны бір-ақ нәрсе: ортақ сюжеттен ауытқып, кейіпкер бойында рухани сілкініс тудыру! Жазушы ол миссиясын орындап болды да, екі алақанын бір ысқылап алып, енді биліктің ұшарбасы туралы жаңа бір шығармасын жазуға кірісті.
Саясат • 09 Қазан, 2020
Қырғызстанда сайлау нәтижелеріне келіспеушіліктен туған саяси наразылық тағы да жаппай бей-берекетсіздік пен заңсыздықтарға ұласуы арқылы тұтас елді әлеуметтік-экономикалық құрдымға әкелетін аса қауіпті сипат алғандай. Ағайын елдің аумағында болып жатқан, ешқандай демократияның аясына сыймайтын әрекеттердің барысы еріксіз осындай ойға жетелейді. Қазір билік нақты кімнің қолында екенін де, президент Сооронбай Жээнбековтің қайда жүргенін де ешкім білмейді. Бірнеше тарап өздерін уақытша билік деп жариялап үлгерді. Шерудің алғашқы күндері демонстранттар президент резиденциясына баса-көктеп кіріп, кен орындарын басып алған-ды. Кейінірек еріктілерден құрылған топтар мемлекеттік мүліктің одан әрі тоналмауы үшін оларды қорғауға көшті. Осылайша, демократияның ұшқыны ретінде басталған қозғалыс бүгінде анархияға айналып барады.