Аймақтар • 09 Қазан, 2020
Торайғыров университетінің ғалымдары «СтройБиоРесурс» ЖШС-мен бірлесіп, Павлодар облысының Железин ауданында дәрілік өсімдіктерді өсіруді қолға алды.
Руханият • 09 Қазан, 2020
Қойнауы мұнай мен газ секілді табиғи байлыққа мол болғанымен, Атырау жұртшылығын толғандыратын басты проблема бар. Бұл – экология мәселесі. Өйткені жел екпіні күшейсе, Атырауды шаңды дауыл басады. Ал жаздың аптап ыстығында сая болар жасыл желегі тым аз. Өңірдегі осы мәселеге алаңдаған қоғам белсенділері қаланың бірнеше шағын ауданынан саябақ ашуды ұсынып келеді. Бұл мәселе облыс басшыларын да ойландырып отыр.
Ең қысқа әңгіме • 09 Қазан, 2020
Ол менің балдан тәтті балалық шақты, боздақ жұлдыздай бозбала кезеңді, онан кейінгі «Қартайып, қайғы ойлаған, ұйқы сергек» (Абай) ойлы, мұңлы, күндерді бірге өткізген сыр жасырмас, жан аяспас досым еді. Екеуміз Қостанай облысы, Амангелді ауданындағы Амангелді орта мектебіне бірге бардық. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде бес жыл қатар оқыдық.
Тарих • 09 Қазан, 2020
Өз жаназасына қатысқан жауынгер
1944 жылдың шілде айының басында Кеңес армиясы Литва жерін азат ете бастады. Әскери құраммен бірге, партизандар да басқыншы жаумен қиян-кескі айқасты. Жау жағы табандап тұрып алмаққа бекініп, қатты қарсылық көрсетті. Литва жерінде күркіреп аққан, өткел бермес өзендер көп-ақ. Өзен аңғарлары жыпырлаған жау бекінісі. Әр атыс ұяларынан ақ ажалды ақжауындай жаудырып жатты. Ал, өзен үстіндегі ағаш көпірлер бірінен соң бірі жанып, істен шығуда.
Оқиға • 09 Қазан, 2020
Тарих – болашаққа жолбелгі. Осы бір өзекті ойдан таған тартсаңыз, баба мұрасын бауырға басқан архивтердің алдында тізерлейсіз. Сосын санаңызға Максим Горькийдің: «Өткенді білместен, қазіргі уақыттың шынайы мағынасын және болашақ мақсаттарын түсіну мүмкін емес» деген пәлсапасы оралады. Орыс қаламгерінің ақылын қонақ қылмасаңыз, дәуір ізгілігін меңгере алмасыңыз кәдік. Неге дейсіз ғой? Себебі мұрағаттар сенің тамырыңа нәр берер дәрумендердің алтын қоры.