Қоғам • 02 Қазан, 2020
Еуразиялық патенттік ұйымның марапаты
Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (KAZPATENT) ұсынуы бойынша Еуразиялық патенттік ұйымның әкімшілік кеңесінің 36-отырысы шешімімен зияткерлік меншік саласының құрметті марапаты – «Өнертапқыштық және патенттік іске қосқан үлесі үшін» В.И.Блинников алтын медалімен медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясы Ғылым академиясының және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, өнертапқыш Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University марапатталды.
Руханият • 02 Қазан, 2020
Ежелден қазақ пен қырғыз халқының төсекте басы, төскейде малы қосылған бауырлас ел екені белгілі. Еліміз егемендік алған жылдардан бері екі ел экономикалық жағынан ынтымақтастықта болып қана қоймай, рухани тұрғыдан да пікірлес, мұраттас болып келеді.
Медицина • 02 Қазан, 2020
Дерт жұқтырған дәрігерлердің 88%-ы өтемақы алды
Кейінгі кезде коронавирус инфекциясымен немесе пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне тиісті өтемақының уақтылы төленбеуі мәселесін газетімізде арнайы жазған едік. Осыған қатысты Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеме жасап, аталған өтемақының неліктен кідіріп жатқанын түсіндірді.
Саясат • 02 Қазан, 2020
Заң бұзғандардың есімдері неге құпия сақталады?
Қос азаматтық алып, екі елден де халқына жасалатын әлеуметтік жеңілдіктерді алып жүргендер Солтүстік Қазақстан облысында да баршылық екен. Ондайлардың «заңды білмей қалдық» деп айтқаны сенімсіз. Алайда сондайларға қарсы қолданылатын жауапкершілік шаралары өте жеңіл сияқты, сондықтан екі жеп биге шығуын қоймайды.
Қоғам • 02 Қазан, 2020
Шетел азаматы қазақтың мүддесі үшін еңбек ете ме?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы «Мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады» дегенін оқыған соң, бірқатар азаматтың есімі еріксіз еске түсті. Азаматтар деймін, қай елдің азаматтары?