Қоғам • 02 Қазан, 2020
«Виртуалды қойма» модулін қолдану кеңейтілді
«Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шотфактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №384 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №862 бұйрығымен «Виртуалды қойма» модулін қолдану кеңейтілді.
Білім • 02 Қазан, 2020
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген Абай сөзі бүгінде өз кәсібіне берілген, ұрпақ тәрбиесіне ұқыптылықпен қарай білетін ұстаздар қауымына қарата айтылса керек-ті. Отыз жылдан аса еңбек жолында жаңашыл педагог мәртебесін иеленген тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Гүлмира Асанбекова туралы сөз қозғағанда, оның тәжірибесі республика көлемінде үздіктер қатарында екеніне көз жеткізесіз.
Білім • 02 Қазан, 2020
Кім-кімге де мамандық таңдау оңай емес. Мамандық таңдауға кездейсоқ ұшырасқан жандардың да ықпалы тиіп жатады. Алайда толғауы тоқсан тіршілікте өмірге қанат қақтырған ұстазды ұмытуға бола ма? Өйткені ұстаз – ең ұлық мамандық иесі. Махамбет ауданында тұратын ардагер Сұлташ Қуанышев әлі күнге ұстаздарын қимастықпен еске алады.
Білім • 02 Қазан, 2020
Тобыл өңірінде қашықтан оқытып жатқан мұғалімдер де, үйде отырып білім алатын оқушылар да қажетті техникалық құрылғылармен толық қамтамасыз етілген. Сабақтар оқу жоспары бойынша бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Ал штаттық режімде жұмыс істеп жатқан 336 білім мекемесінде 22 мыңнан астам бала мектепке барып оқып жүр. Бастауыш сыныптарда 15 оқушыға шақталған кезекші сыныптар жұмыс істеп жатыр. Бүгінде аймақ мектептерінде 2016 кезекші сынып бар.
Оқиға • 02 Қазан, 2020
Оқушылар күміс және қола медаль жеңіп алды
Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрама командасы 61-ші Халықаралық математикалық Олимпиадада (International Mathematical Olympiad) үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды. IMO 2020 жарысына әлемнің 100-ден астам елінен жоғары сынып оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамында 6 адам болды.