Руханият • 02 Қазан, 2020
Алтын Орда өркениеті: әдеби мұра және дәстүр жалғастығы
Ұлы Дала төсінде өркендеген Алтын Орда өркениетінің адамзат тарихындағы орны, түркі халықтарының тілі мен дініндегі, әдебиеті мен мәдениетіндегі маңызы, сондай-ақ кейінгі дәуірлерде тарих сахнасында бой көрсеткен хандықтар, әмірліктерге тигізген ықпалы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Алтын Орда өркениеті: әдеби мұра және дәстүр жалғастығы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми онлайн конференцияға арқау болды.
Тарих • 02 Қазан, 2020
Кеңестік қазақ республикасы: құрылуы және тұтастануы
ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі қарсаңында болашақ республиканың Үкімет орындарына өз адамдарын өткізу үшін қазақ қайраткерлері де, орыс большевиктері де қызу дайындық жұмыстарын жүргізе бастады. 1920 жылы 2 қазанда өткен РК(б)П Қазоблбюро пленумының шешімі бойынша алда болатын ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі Президиумының құрамына В.Радус-Зенькович, Ә.Досов, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынов, И.Акулов, И.Мартынов, А.Авдеев, П.Струппе сияқты тұлғаларды енгізу жоспарланды.
Кәсіпқой бокс • 02 Қазан, 2020
Басқа спорт түрлерінде қалай екенін қайдам, әйтеуір әуесқой бокста қазақ-өзбек тартысы ерекше. Шаршы алаңға шыққан екі елдің боксшылары рингте жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсап, соңғы демі қалғанша айқасуға бар. Кейінгі жылдары жанкүйерлер Азия, әлем чемпионаттары, тіпті төрт жылда бір келетін Олимпия ойындары болсын қазақ-өзбек боксшыларының тартысын тағатсыздана күтетін болды. Енді бұл қатарға кәсіпқой бокста өнер көрсететіндердің де жекпе-жектері қосылды.
Қоғам • 02 Қазан, 2020
Еліміздің шалғай өңірлерінің бірі Ырғыз ауданы еңбеккерлерінің негізгі айналысатын кәсібі – мал шаруашылығы. Мұнда төрт түлік мал оны семіртіп бордақылайтын арнайы кешендерде емес, негізінен жайылымда бағылады.
Сұхбат • 02 Қазан, 2020
Жәркен Бөдеш: Атажұртын аңсаған ағайынның сағынышын жырладым
Редакцияның тапсырмасымен Жәркен ағаны үйіне іздеп бардық. Ақын биылғы жылы Алматы қалалық әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен жарыққа шыққан екі томдық «Санадағы сарын» өлеңдер жинағын таныстырып, емен-жарқын әңгімесін бастады. Елеп-екшеп, бұрын-соңды шыққаны бар, сондай-ақ жаңа өлеңдері енген кітаптың сүйінші данасын салалы саусақтарымен парақтай отырып, «Бұл менің арманымның орындалғаны», деді. Жастық шағынан ақындықтың ат жалын ерттеп мінген Жәркен ақын замандасы Темірхан Медетбек ағамыз айтқандай, «Қырық қыры бар ақын». Қаламдастары «Жайырдың жалғызы» деп атап кеткен Жәркен Бөдештің Тарбағатай асқан жырлары бүгінде туған жерді аңсаған барша қазақтың үнжариясына айналған.