Аймақтар • 24 Қазан, 2019
Қазақша контент дамымай, тілдің өрісі кеңеймейді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақ ССР Тілдер туралы» алғашқы Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқаны үшін зиялы қауым өкілдеріне Мемлекет басшысының Алғыс хаттарын тапсырды.
Қоғам • 24 Қазан, 2019
Түрлі ұжымдарда қызметкерлер арасында қалыптасатын қарым-қатынастар әртүрлі болады. Кей жерлерде ол жайлы, адамдардың бір-біріне деген қимас жанашырлығы қалыптасса, тағы бір жерлерде ол қиындап, неше түрлі қысастықтар қолдан туып жатады.
Аймақтар • 24 Қазан, 2019
Тойбастар көшесін қуалай төмен түскен бойда, күнбатысты бетке алып Тайбурылдың тақтайдай асфальт жолының жиегіндегі түп-түзу тротуармен жүріп келемін... Арт жақтағы Ықылас көшесінің зәулім теректері көз ұшында бұлдырап қалды. Алдымда – Тайбурыл тұйықталған жерден басталатын Жазира көшесі. Міне, оң қанатта Шабыт шағын ауданы деген тайға таңбай басқандай етіп жазылған көрнекі тақтаға көзім түсті, енді бір елу метрден соң Атамекен, одан әрі Алмас шағын аудандарының еңселі үйлерінің қақпалары қарайып жалғаспақ!..
Аймақтар • 24 Қазан, 2019
Мәңгі жасыл қарағай мен қолдың саласындай түп-түзу, кей тұсында мың бұралған жасыл желекті ақ қайыңдар көмкерген Бурабай баурайының бар тарихы, көне тарихы, жан баласына ашып айта бермейтін сыры мен жан жадыратар жыры үнсіз мүлгіп жатыр-ау. Егер табиғатқа тіл бітсе не айтар еді, соны ұға білсе ғой. Міне, Ақылбай асуына көтерілдік. Таспадай тартылған тас жол қайқаң етіп бір биікке шығарған. Асу үстінде тұрып төңірегіңе зер салсаң, толқынданып біткен, ұйыса өскен қарағайлар шашақты найза секілді көлбеңдейді. Ара-арасында піл сауырындай дөңкиіп қойтастар жатыр. Жасыл желегін Сарыарқаның самал желімен бұлғаған ару қайыңдар төңірегіне тамсанып қарайтындай.
Қазақстан • 24 Қазан, 2019
Тиімді ынтымақтастық. Бірлескен іс-қимыл
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары басталды. Осы орайда біз Қазақстан-Беларусь елдері арасындағы ынтымақтастықтың бүгінгі көрінісіне аз-кем шолу жасағанды жөн көрдік.