Республика күні • 23 Қазан, 2023
Егемендік декларациясы: елдікке бастаған тарихи құжат
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан айтқан мынадай сөз бар: «Біздің іздегеніміз – Алаштың аты бәйгеден келгені. Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар». Алаш көшбасшысы айтқан ұлы той – Қазақ елінің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация жарты ғасырдан астам уақыт өткен соң қабылданып, аңсаған азаттыққа қарай алғашқы қадам жасалды.Өткен жылы күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайтарылған Республика күні биыл екінші мәрте кең көлемде тойланады. Біз мейрам қарсаңында елге танымал тұлғалардың басын қосып, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның маңызы мен мәні, ұлттық мерекенің ел өміріндегі орны жайында әңгімелескен едік. Дәстүрлі дөңгелек үстелге мемлекет және қоғам қайраткерлері Қуаныш Сұлтанов, Мырзатай Жолдасбеков, тарихшы ғалымдар Өмірзақ Озғанбаев, Бүркітбай Аяған, Тілеген Садықов, Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов қатысты.
Қазақстан • 23 Қазан, 2023
Мемлекетке алынған жер әділ бөлінуге тиіс
Осыдан екі жыл бұрын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Мемлекет басшысы: «Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет. Бізде жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Елімізде шөп қорыған иттің кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы керек», деген еді. Бірақ Үкіметтен біраз жылға жалға алғандар басқа жері жоқтарға жалға беріп, солардың үстінен пайда көріп отырғандары жетерлік.
Отбасы • 23 Қазан, 2023
Демографиялық саясат – мемлекет дамуының негізі
Елімізде Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының консорциумы құрылды. Жаңа бірлестік тиянақты көзқарасты күшейтіп, саланың одан әрі дамуына ықпал етеді. Бұл туралы «Отбасы – Қазақстанның тұрақты демографиялық дамуының негізі» атты халықаралық конференция барысында айтылды.
Үкімет • 23 Қазан, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Қазақстан • 23 Қазан, 2023
Қазақстандағы сот әкімшілігі: Жетістігі мен келешегі
Биыл маусым айында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен, еліміздің сот әкімшілігінің шақыруымен Қазақстанға бардым. Астанада өткен «Сот әкімшілігі тәуелсіз сот төрелігі үшін: әлемдік стандарттар және үздік тәжірибелер» атты халықаралық дөңгелек үстелге баяндамашы ретінде қатысып, «Сот әкімшілігі, дамушы елдердегі жаңа модельдер мен сын-қатерлер» тақырыбында сөз сөйледім.