Құрылыс • 22 Қараша, 2023
Бюджетті үнемдейді: Шымкентте мамандар жол салатын жаңа технология ойлап тапты
Шымкентте жол құрылысының жаңа технологиясы енгізілуде, бұл бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 21 Қараша, 2023
Шығыс Қазақстан облысында NEET санатындағы жастардың үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға төмендеген. Бұл осы санаттағы жастардың жалпы санының 4,1 пайызын құрайды.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Таяуда Теміртаудағы «Экспресс» базарында шағын ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Онда Бұқар жырау, Осакаров аудандарының шаруашылықтары әкелген мал мен құс, бау-бақша өнімдері қала тұрғындарына нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзанға саудаланды. Осылайша, қысқы азығын қамдап алған қала жұрты шағын жәрмеңкенің шарапатын сезінді.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Тұрғындар сауалына жауап берді
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қызылордалықтармен кездесіп, кіші Арал мәселесі, балық экспортын арттыру, жануарлар дүниесін қорғау, экологияны реттеу бағытындағы жұмыстар барысын баяндады. Кездесу барысында министр облыстағы экологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті.
Қоғам • 21 Қараша, 2023
Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округіне қарайтын Қамыстыкөл ауылында екі әулеттің ұрпағы іргелес көрші болғанына 45 жыл толғанын атап өтті. Әрине, мұндай атаулы күнді зәулім тойхана, сәні мен салтанаты келіскен мейрамханада атап өтуге болар еді, әйткенмен жарасымы мол көршілер қара шаңырақта өткізуді жөн көріпті.