Қазақстан • 21 Қараша, 2023
Мәдениет – халықтарды байланыстырушы көпір
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында IX Халықаралық мәдени форум өтті. 16-18 қараша аралығында ұйымдастырылған басқосуда 70-тен астам елдің делегациясы мәдениет пен өнер саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Шығармашыл зиялы қауымның кездесуіне Қазақстаннан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.
Хоккей • 21 Қараша, 2023
Шайбалы хоккейден Еуропаның әйелдер лигасында Алматының «Айсұлуы» сәтті өнер көрсетіп жатыр. Олар қатарынан екі кездесуде қарсыластарын қапы қалдырды.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Жолаушылар қауіпсіздігі – басты назарда
Қонаев қаласында халық саны көбейіп, қалааралық қарым-қатынас та жиілей түскен. Соған сәйкес облыс орталығында 10 бағытта 23 автобус жолаушылар тасымалымен айналысады. Жол жүру ақысы бүгінгі күнге 80 теңге, ал оқушылар мен студенттерге жеңілдік ретінде жарты бағасы, яғни 40 теңге болып бекітілген.
Теннис • 21 Қараша, 2023
Италияның Турин қаласында теннистен АТР-ның қорытынды турнирі аяқталды. Әлемнің ең үздік ойыншылары бас қосқан бәсекенің финалында Новак Джокович пен Янник Синнер шеберлік байқасты.
Пікір • 21 Қараша, 2023
Саяси реформалар дәйекті жалғасады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграмдағы ресми парақшасында елдегі саяси ахуалға қатысты пікір білдірді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламаларында айтылған мәселелер орындалып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Президентке халықтың сенімі жоғары екеніне тоқталды.