Қаржы • 23 Қараша, 2020
Төлем карталар нарығының дамуы мен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың айтарлықтай ұлғайғанына қарамастан қазанда елімізде айналымдағы қолма-қол ақшаның көлемі 2,8 трлн теңгені құрады. Ranking.kz порталының ақпаратына сәйкес, кейінгі бес жылда Қазақстанда қолма-қол ақша айналымы жылына орта есеппен 18,8%-ға өсіп келеді.
Экономика • 23 Қараша, 2020
Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын жалғап тұрған электр жеткізу желілерінің өткізу мүмкіндігін ескере отырып, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өтті. Сауда-саттық Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы – «ЭҚНҚО» АҚ-ның алаңында өтті.
Экономика • 23 Қараша, 2020
Нобель-2020: Экономикаға орасан пайда әкеле ме?
2020 жылы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы америкалық Пол Милгром мен Роберт Уилсонға бұйырды. Олардың аукцион теориясы мен аукциондардың жаңа форматын ойлап тапқаны үшін осы сыйлыққа лайық деп танылғанын әлемдік ақпарат құралдарының бәрі жарыса жазды.
Руханият • 23 Қараша, 2020
Қазақтар жасаған алып әуе шары
Қытай елінде қазақы дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп отырған аса дарынды қандастарымыз бар. Атажұрттан жырақта қоныстанса да, бұл ағайындарымыздың мерейімізді тасытып, рухымызды оятатын ерен тірліктері көп. Мәселен, Ақсай қазақтары жасаған алып әуе шары.
Оқиға • 23 Қараша, 2020
Бағзыдан аян, түркі даласының қойнауы құтқа толы. Қаншама ғасырды басынан өткізсе де өркениеті дамып, түрленіп отырған. Бұған Ұлттық музейдегі «Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялары» залының ашылуында тағы бір мәрте көзіміз жетті.