Үкімет • 19 Қараша, 2019
Жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және мүдделі ұйымдардың өкілдерімен елордада жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді.
Медицина • 19 Қараша, 2019
Ресми дерек бойынша, Қазақстан халқының 30 пайызы, яғни 4,8 миллион адам темекі тартады. Осылардың 1 миллионы әйел заты, яғни қыз-келіншек, кемпірлер. Тіпті осындағы әйел жыныстылардың 120 мыңы 13-15 жастағы жасөспірім қыздар болса, 12-14 жас аралығындағы жеткіншектердің 10 пайызы, 15-17 жас мөлшеріндегі бозбалалардың 21 пайызы, 18-19 жастағы жас жігіттердің 32 пайызы, 20-29 жастағылардың 39 пайызы шылым шегеді екен. Сол сияқты 29-59 жастағы ер адамдардың 65 пайызы темекіге құмар.
Экономика • 19 Қараша, 2019
Ақтөбе инвестиция тартудан алда тұр
Ақтөбе облысы инвестиция тарту жағынан елімізде көш бастап тұр. Жыл соңына дейін 600 млрд теңге инвестиция тартылады деп жоспарлануда. Бұл көрсеткіш былтырғыдан қарағанда 5%-ға жоғары. Алайда өңірде аграрлық сектордың дамуы көңіл көншітпейді. Нақты айтқанда, ауыл шаруашылығының аймақ экономикасына қосатын үлесі 5%-ға жетпейді. Мұндай статистиканы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Оңдасын Оразалин айтты.
Экономика • 19 Қараша, 2019
Арзан жолақы Алматыға ауыр тиіп тұр
Бүгінгі таңда ару қалада қоғамдық автобустармен әр азаматты тасымалдауға кететін шығын көлемі орташа есеппен 250 теңгеден асады екен. Жолаушылардың төлейтін жолақысы – 80 теңге. Яғни, арадағы 170 теңге айырмашылық қала бюджетінен өтеледі. Соған қарамастан Алматы билігі қала ішіндегі бағыттармен жүретін жолақы бағасын бұрынғы қалпында қалдыруға шешім қабылдап отыр.
Руханият • 19 Қараша, 2019
Жетімнің басынан сипа, жүрегің жұмсарады
Қазақ үшін бұл дүниеде баланың тәтті күлкісінен артық қызық-қуаныш кемде-кем. Нәрестенің өмірге келгенін, тәй-тәй басып жүргенін, тілі шығып тіршілікке араласқанын көру – ата-ананың алғашқы бақыты десек артық болмас, сірә. Сол бақыттың бағасын біліп, байыбына барған әке-шешеде арман не? «Балалы үй – базар» дейтін байырғы бабаларымыздың тәлімді тәмсілі жүрек түбінен шыққан жүйелі сөзі болса керек. Ал оның мәні мен мағынасын түсініп, сәбиді сәнім деп аялайтын ата-ана азайған ба? Азаймаса, «Балалар үйі» деген ұғым қазақ тұрмысына қайдан келді?!