Оқиға • 23 Қараша, 2020
Елбасының туындысы таныстырылды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) бірлесіп, Елбасы кітапханасында –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен түрік тілінде басылып шыққан «N.A. Nazarbayev. Ulu Bozkirin mirasi» («Н.Ә. Назарбаев. Ұлы дала мұрасы») кітабының таныстырылымына арналған халықаралық онлайн-конференция өткізді.
Қоғам • 23 Қараша, 2020
Мал ұрлығына байланысты заң біршама қатайғанымен, өңірде мал ұрлығы тыйылмай отыр. Соғым науқаны қарсаңында өршіп кететін әдеті еді. Биыл да бұрынғының кебін кимесек жарағаны.
Руханият • 23 Қараша, 2020
«Ашық қоғамға – ашық архивтер» (Президент Архивінің Батыс Қазақстан облысындағы күндері)
Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Ашық қоғамға – ашық архивтер» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстел өтті. Аталған шара Қазақстан Президенті Архивінің Батыс Қазақстан облысындағы күндері аясында ұйымдастырылды.
Таным • 23 Қараша, 2020
«Жат элемент» атанған жастар Жоғары оқу орнынан шығарылып, қудалауға ұшырағандар кімдер еді?
ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында Кеңес өкіметі қоғамды қайта құрудың бағдарламасын жасақтап, білім беру ісіне, мәдениет пен ғылым мәселелеріне көңіл бөлді. Алайда сол тұста ел тұрғындарының басым көпшілігі не оқи, не жаза алмады. Халық шаруашылығының әр саласында маман-кадрлардың жетіспеушілігі өткір сезілді. Білікті, оқыған мамандардың тапшылығы барлық жерде, атап айтқанда, материалдық-өндіріс, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымдар саласында ерекше байқалды.
Аймақтар • 23 Қараша, 2020
Жамбыл облысында әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, көпшілік үшін аса қажетті азық-түлік бағалары қымбаттағаны байқалуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жандос Жақыпов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларына тоқталды.