Өнер • 23 Қараша, 2021
Құлақтан кірген құдіретті музыка туындылары денені шымырлатып, алпыс екі тамырға рух жүгірткендей тебіренесің. Ұлт аспаптарының шертолғақ шанағынан шымыр-шымыр ноталар түлегенде ат тұяғынан сүрдекке айналған жолда жортуылда күн кешкен ұлы бабалардың мұрат-мақсаты мен асқақ арманы болған бүгінгі берекелі шақта бесік тербеткен қазақ ұлтының тектілігі қылаң береді. Міне, осындай сан толқынысқа жетелеген белгілі әнші, Қазақконцерт солисі Ерболат Шалдыбековтің «Төгейін жырды халқыма» атты жаңа концертінің куәсі болдық.
Аймақтар • 23 Қараша, 2021
Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен
Былтыр Затобол деген ескі атауын тарихқа өткізіп беріп, қала мәртебесіне ие болған ең жас қала Тобыл шаһарының бүгінде ұлт мәдениетінің жаршысы, дәстүрлі өнердің насихатшысына айнала бастағаны қуантады. Қаланың қақ ортасына орналасқан «Алтын дән» мәдениет үйінде қазақтың ақыны, сазгер, кезінде Ыбырайдың ағартушылық идеясын насихаттап, ұлы ұстазға көп қолдау көрсеткен Нұржан Наушабайұлы атындағы республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті.
Аймақтар • 23 Қараша, 2021
Жалын жырдың жампозы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы тұтас ел көлемін қамтыды. Арқалы ақынның айшықты жырына арқау болған Алматыда да өнер иесінің өлмес мұрасын дәріптеген игі жобалар жалғасын табуда. Абыз өлеңдерінен қуат алған өнерпаз жастар Алматы қаласындағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қою үшін арнайы жиналды.
Қазақстан • 23 Қараша, 2021
Заң көмегін дамыту жөніндегі тың тәсілдер
«Адвокатураны дамыту стратегиясы». Осындай тақырыппен Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен онлайн форматта қазақстандық адвокаттардың алтыншы форумы өтті. Республикалық адвокаттар алқасы және Құқықтық саясатты зерттеу орталығының мұрындық болуымен ұйымдастырылған жиында Қазақстан адвокатурасының алдында тұрған маңызды мәселелер сөз болды.
Аймақтар • 23 Қараша, 2021
Орал қаласына Pfizer компаниясы өндіріп шығарған «Комирнати» вакцинасының 29 250 дозасы жеткізілді. Қазір екпе медицина ұйымдарына таратылуда. «20 қарашадан вакциналау басталады» деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова.