Сайлау • 23 Қараша, 2022
Елімізде өткен кезектен тыс президент сайлауына бақылау жасаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бюросының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясы (ДИАҚБ) байқау нәтижесімен таныстырды. Миссияның бағалауынша, сайлау қалыпты жағдайда өтті. Дауыс беру кезінде тиісті талаптар сақталды.
Саясат • 23 Қараша, 2022
Халық таңдауы – сенімді көшбасшы
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Сайлаушылардың 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап дауыс берген. Сәйкесінше, Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тіркеді. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысы Президент ретінде 26 қарашада ант береді.
Қазақстан • 23 Қараша, 2022
Өзбек мәдениеті күндері басталды
Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан ағайындардың қай-қайсысының да түп тарихы, өнері мен салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті қазақ елімен тереңнен тамырласып жатыр. Бауырлас халықтардың түрлі тараптағы бекем байланысы бүгінгі таңда да жалғасып келеді. Мәселен, күні кеше ғана ел астанасында басталған ауқымды іс-шаралар өзбек халқының өнеріне арналды. Өзбекстан Республикасының Мәдениет күндері аясында өтіп жатқан рухани жиын екі күнге жалғасады.
Экономика • 23 Қараша, 2022
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінде су жаңа мұнай жылыту пеші іске қосылды. Пешті «ҚазТрансОйл» компаниясының тапсырысы бойынша Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы жасаған. Бұл – Қазақстанда жасалған алғашқы мұнай жылыту пеші.
Экономика • 23 Қараша, 2022
Заманауи цех экспортқа жол ашады
Қостанайдың іргесіндегі алып өндірістік аумақта орналасқан «МТЗ-Қазақстан» серіктестігі бұған дейін Минск зауытынан әкелінген қосалқы бөлшектерден дайын «Беларусь» тракторларын құрастырумен ғана шектеліп келген. Таяуда осы тракторға арналған кабиналарды кәсіпорынның өзі жасап шығара бастады.