Сайлау • 23 Қараша, 2022

OSCE миссиясы оң бағалады

164 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Елімізде өткен кезектен тыс президент сайлауына бақылау жасаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бюросының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясы (ДИАҚБ) байқау нәтижесімен таныстырды. Миссияның бағалауынша, сайлау қалыпты жағдайда өтті. Дауыс беру кезінде тиісті талаптар сақталды.

OSCE миссиясы оң бағалады

Жалпы сайлауды ЕҚЫҰ бюросының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясы атынан еліміздің әр өңірінде 300-ге жуық байқаушы қадағалағаны белгілі. Миссия басшысының мәлімдеуінше, дауыс беру тиімді ұйымдастырылып, тұтастай алғанда, рәсімдер сақталды. Ал, сайлау өткізу органдары сайлаушыларға бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде ақпарат берді.

Бұған қоса мүмкіндігі шектеулі адамдардың сайлауға қатысуына, сайлау өткізу органдарының дауларды шешуінің үдерістік негіздеріне және әкімшілік сот өндірісін енгізуге қатысты елеулі техникалық өзгерістер бар екені де аталып өтті.

Мәлімдемеде айтылғандай, Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сайлауға дайындықты заңнамада белгіленген мерзімде тиімді жүргізді. ОСК тікелей эфирде ашық отырыстар өткізіп, өз шешімін қабылданған күні жариялады.

ДИАҚБ СБМ өзі қатысқан төменгі деңгейдегі комиссиялар үшін ұйымдастырылған оқу сабақтарын да оң бағалады; комиссия мүшелері тәжірибелі, ал комиссиялар жақсы жабдықталған. ОСК сайлаушыларды ақпараттандыру бойынша қазақ және орыс тілдерінде жалпыұлттық және барша жұртты қамтитын инклюзивті ақпараттық науқан жүргізді. Әртүрлі мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін жеңілдеткен бірқатар шара ризашылықпен қабылданды.

  • Сайлаушылар тізімдері жұрт­шылыққа қолжетімді болды.
  • ДИАҚБ СБМ-мен әңгімелесушілер сайлаушылар тізімдерінің дәлдігіне қатысты елеулі алаңдаушылық біл­дірмеді.
  • Тіркелген кандидаттардың еш­қай­сысы жиналыстар бостандығына қатысты алаңдаушылық білдірген жоқ.
  • Көп рет таңдау жасауға жол бермеу үшін алғаш рет электрондық үкімет порталы арқылы сайлаушылардың тіркелу мәртебесін тексеру қажет болды.

Сонымен қатар сайлау үдерісін ұйымдастыруға әйелдер қауымының кеңінен тартылғаны, соның ішінде сот жүйесінде, аудандық және облыстық соттарда, төменгі сайлау органдарында көбірек қамтылғаны, байқау жүргізілген сайлау учаскелерінде учаскелік сайлау комиссиясы (УСК) мүшелерінің басым көпшілігі әйелдер болғаны, соның ішінде төраға міндетін атқарғаны да айтылып өтті.

ДИАҚБ қадағалаған барлық бұқа­ралық ақпарат құралы жаңалықтарда сай­лау науқанын теңдей көрсету туралы заң ережелерін сақтағаны да атап көр­сетілді.

  • Кандидаттарға мемлекеттік бюджет есебінен эфир уақыты мен баспа алаңы­ның тең үлесі берілді.
  • Мониторингке алынған 578 бұқаралық ақпарат құралында тең жазып-көрсету принципі сақталды.
  • Мониторинг жүргізілген теле­визиялық стансалар әдетте өздерінің жаңалықтар бағдарламаларында сайлау додасына қатысушылардың қызметін көрсету үшін бірдей көлемдегі эфир уақытын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындады.
  • Көптеген арнада жаңалықтар сурдоаудармамен көрсетілді.
  • Заңнамада дауларды сайлау өткізу органдары мен соттардың шешуі қа­растырылған, сондай-ақ ақылға қо­нымды мерзімдер белгіленген.
  • Оң өзгеріс ретінде жуырда қабылданған сот төрелігін цифрлан­дыру бастамалары шағымдарды қарау үде­рісін жеңілдетіп, мемлекеттік орган­дардың ден қою қабілетін арттырғанын айтуға болады.
  • Мүгедектігі бар адамдардың сай­лауға қатысуына, сайлау өткізу орган­дарының дауларды шешуінің үдерістік негіздеріне және әкімшілік сот өндірісін енгізуге қатысты айтарлықтай оң қа­дамдар жасалған.
  • ОСК сайлауға дайындықты тиімді және заңда белгіленген мерзімде жүргізді. ОСК тұрақты түрде тікелей эфирде байқаушылар, БАҚ өкілдері және партиялардың сенімді өкілдері қатысқан ашық отырыстарды, ал содан кейін баспасөз брифингтерін өткізді.
  • Шешімдер қабылданған күні онлайн жарияланғаны – құптарлық жайт.
  • Төмен тұрған комиссиялардың мүшелері тәжірибелі болды, комиссиялар жақсы жабдықталған және өз жұмыстарын тиімді жүргізді.
  • ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясы (СБМ) байқаған оқу сабақтарын бейнероликтер мен интерактивті рөлдік ойындармен толықтырылған ақпаратты, жан-жақты және инновациялық сабақтар деп бағалады. ОСК сондай-ақ ДИАҚБ-ның бұрынғы ұсынымдарына сәйкес дауыс санау рәсімдері туралы пайдаланушыға ыңғайлы брошюра шығарды.

Миссия атап өткен тағы бір мәселе – мүгедектігі бар адамдардың сайлау үдерісіне қатысуына жан-жақты жағдай жасалуы.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, ОСК өңірлік коммерциялық емес ұйым­дардың өкілдерімен бірлесіп, мүге­дектігі бар адамдардың сайлау үдерісіне қолжетімділігін және қатысуын арттыру бойынша бірқатар бастаманы қолға алды. ОСК отырыстарының тікелей трансляциялары және сайлаушыларға арналған ақпараттық бейнероликтер сурдоаудармамен көрсетілді. ОСК сондай-ақ төмен тұрған сайлау комис­сия­ларына осы тақырып бойынша ар­нау­лы сессиялар мен семинарлар өткізді және УСК мүшелеріне мүгедектігі бар адам­дарға сайлау күні қалай тиім­ді көмек көрсету туралы нақты ұсы­ным­дар әзірледі. Сондай-ақ жүріп-тұ­руы шек­теулі сайлаушылардың сайлау учас­келеріне кедергісіз қол жеткізуін және көзі нашар көретін сайлаушылар үшін Брайль бланкілерін беруді қам­та­масыз етті.

  • ДИАҚБ СБМ сайлау науқаны аясында байқау жүргізілген үгіт-наси­хат алаңдарының жартысынан көбі физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді болды. Сайлау науқанының сипаты онлайн да, бетпе-бет те оң немесе бейтарап болды. ДИАҚБ СБМ сайлау науқаны кезінде ұлттық азшылықтарға қатысты қандай да бір кемсітушілік риторикасын хабарлаған да, байқаған да жоқ.
  • ОСК кешенді веб-сайт жүргізеді және сайлаушыларға қазақ және орыс тілдерінде кеңінен ақпараттық бағдарлама жүргізді. Сайлау науқаны басталғаннан бері сайлаушыларды сайлау күні туралы хабардар ететін және сайлауға қатысуды ынталандыратын бірқатар ақпараттық бейнеролик әртүрлі БАҚ арқылы таратылды немесе хабарламалар арқылы, негізінен, ОСК Telegram-арнасында таратылды. Көптеген УСК ДИАҚБ СБМ ұзақ мерзімді байқаушыларына сайлау күні мен сайлау учаскесінің нөмірі көрсетіліп басып шығарылған шақыруларды сайлаушыларға беру үшін үй-үйді аралағандары туралы хабарлады.
  • Көп рет дауыс беруге жол бермеу мақсатында алғашқы шара ретінде УСК сайлау күні сайлаушылар тізіміне қосылған барлық сайлаушының тіркелу мәртебесін электронды үкімет порталы арқылы тексеруге міндетті болды.

Миссия «Сайлау туралы» Заң мен ­Әкімшілік рәсімдік-үдерістік кодекс­те сайлауға байланысты дауларды шешудің ақылға қонымды мерзімдері белгіленгеніне де жекелей тоқталды.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, соңғы жылдары заңнамаға цифрландырудың елеулі бастамалары енгізілді, соның ішінде сайлау өткізу органдарына, құқық қорғау органдарына және сот­тарға сайлауға қатысты шағымдарды жі­беруге арналған онлайн порталды құру бар. ДИАҚБ СБМ-мен барлық әңгі­мелесуші бұл шағым беру рәсімін айтар­лықтай жеңілдеткенін және мемле­кеттік органдардың ден қоюын арттыр­ғанын атап өтті. Сот отырыстары көпшілік үшін ашық болды. Сайлау күні бойы ОСК дауыс беру барысы, соның ішінде сайлаушылардың қатысуы тура­лы жаңартылған ақпаратты бөлісті.

Тұтастай алғанда, миссияның баға­лауынша, сайлау тыныш жағдайда өтті. СБМ байқаушылары 1 131 байқаудың 95 пайызында дауыс беру үдерісін оң бағалады.