Тарих • 19 Қараша, 2023
«ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және оңалту үдерістері: бірыңғай деректер базасын құру» – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия қолға алған тарихи маңызы мол жобаның бірі. Жоба аясында авторлар қуғын-сүргін құрбандары туралы архив құжаттарымен қатар әр өңір тұрғындарынан естеліктер жинастырған.
Өндіріс • 19 Қараша, 2023
Кәбіл экспортының алғашқы легі
Елімізде фотоэлектр жүйелеріне арналған кәбілдердің алғашқы өндірісі оң жолға қойылды. Радиациялық модификацияланған оқшаулауы бар инновациялық өнімнің жаңа желісін сатып алуға Өзбекстанмен келісімшарт жасалды. Күн батареяларының құрылысына арналған отандық кәбілдік-өткізгіштің алғашқы легін көрші елге жеткізіп те үлгердік.
Тарих • 19 Қараша, 2023
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың арманы мен мұраты, ойы мен мүддесі белгілі әдебиетте. Өзі айтпақшы, «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып Күн болам» дегеннен асқан не мұрат керек. Ақыры солай болды да. Мұрат-мүддесі болған соң оның қайғысы мен қапасы, мұңы мен наласы және бар. Біздіңше, Сұлтанмахмұттың наласы деген оқшау тақырыпты әдебиетке енгізген жазушы – Мұхтар Мағауин. Жиырма жеті жыл ғана жасаған ақынның күнделігінде бірер сөйлем, бір топ өлең ретінде сақталып, күллі қазақ даласына тараған, өң өкініштісі, сол кезде, заманында қалып қойған нала емес. Және жалғыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ғана емес, күллі қазақтың наласы мен көз жасы.
Тағзым • 19 Қараша, 2023
Белгілі қаламгер, ақын Аманғали Сұлтан дүниеден озды деген қаралы хабарды естіп, көңіліміз құлазып қалды. Ол туған жерден шалғайда өмір сүрсе де, жүрегі елім деп соққан арда азамат еді…
Оқиға • 19 Қараша, 2023
Семейдегі екі кәсіпорында өрт шықты
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше Семейде екі кәсіпорын аумағында өрт болды, деп жазады Egemen.kz.