Құқық • 20 Қараша, 2024
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Түркістан облысындағы өкілдігіне өңір тұрғындарынан биылғы он айда 156 арыз келіп түскен. Арызданушылардың басым бөлігі, нақтырақ айтсақ 35-і – сотқа дейінгі тергеп-тексеру, оның заңдылығын қадағалау мәселелерімен жүгінген.
Жемқорлық • 20 Қараша, 2024
Қазақ қоғамының алға басқан адымын тежеп, жұрттың сеніміне селкеу түсіретін жегі құрт – жемқорлық. Қылмыстың бұл түрі медицина, спорт, білім, жол және инфрақұрылым саласында жиі көрініс береді.
Көрме • 20 Қараша, 2024
Сурет өнері көне шаһарды қалай жаңғырта алады? Бала кезімде кітаптан көріп, маған әсер еткен бір сурет болды. Карл Брюлловтың атақты «Помпейдің соңғы күні» картинасы. Кейін Санкт-Петербордағы мемлекеттік орыс мұражайынан тамашаладым. Ал бірнеше жыл бұрын Италиядағы Помпей археологиялық кешенінде болып, ерекше күйде оралдым.
Мәдениет • 20 Қараша, 2024
Еуропа жұртына қазақ домбырасының күмбірін алғаш жеткізген дәулескер күйші Рүстембек Омаровтың есімі біраз уақыт бойы жерлестері үшін беймәлім болып келді. Күй аңыздарының жолын жалғап, Арқа өңіріндегі саз самалының лебін тамам елге таратқан өнер иесінің соңында бүгінде мол мұра қалған.
Университет • 20 Қараша, 2024
Білікті кадрды бірлесе даярлайды
2001 жылы Астана қаласында ашылған М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы бүгінде еліміздегі іргелі әрі халықаралық деңгейде мойындалған білім ордаларының біріне айналды. Бұл оқу орны Қазақстан мен Ресей арасындағы білім саласындағы серіктестікті нығайтып, заманауи ғылым мен техника бағыттары бойынша жоғары білікті мамандар даярлап жатыр.