Руханият • 18 Қараша, 2019
Қазақтың қоғамдық академиясына айналды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қоғам • 18 Қараша, 2019
«Ozgeris ustasy» сыйлығы ізгі әрі іскер жандарға табысталды
Жылдар бойы жинаған машығын өз кәсібін көркейтуге ғана жұмсамай, өзгенің нәсібін молайтуға бағыштаған ізгі де іскер жандар мен қоғамдық ұйымдар қашанда биік құрметке лайық. Биыл тұңғыш рет томағасын сыпырған «Ózgerіs ustasy» республикалық сыйлығы осы мақсатты мұрат тұтқан еңбеккерлерді қанаттандыра түскен айрықша жоба деп айта аламыз.
Аймақтар • 18 Қараша, 2019
Еліміздің батыс аймағында бастау алған «Ел үміті» марафонының эстафетасын Алматы қаласы қабылдап алып, «Халық арена» спорт сарайында Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының білім және ғылым, бизнес пен медицина, мәдениет пен спорт, экономика мен қоғамдық өмірдегі белсенді жастары Елбасы қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламалар негізінде жеткен жетістіктерімен бөлісті. Қазақстанның әр өңірінде өткізіліп жатқан бұл марафон Елбасының «Ел үміті» бастамасының аясында ұйымдастырылып отыр.
Аймақтар • 18 Қараша, 2019
Тарихи Талас құрылтайына арналған жиын
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту жөнінде тапсырма бергені белгілі. Ал осы Ұлық ұлыс Алтын Орда, сонымен қатар Моғолстан мен Шағатай ұлысының негізі 1269 жылы тарихи Талас құрылтайында қаланған еді. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Талас құрылтайы: тарих пен тағылым» атты Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Парламент • 18 Қараша, 2019
Дамуы даусыз елдің халқы қамсыз
Көрнекті жазушы Саттар Ерубаевтың «Кешегі езілген жарлы – бүгін ауқатты, мәдениетті колхозшы» деп жазғаны болушы еді. Қазір бұл біртүрлі естіліп, езуге күлкі үйіруі мүмкін. Ал шынында, өмір заңдылығы көп өзгере қойған жоқ: кеше аз қамтылған отбасының ізінше ауқаттылар қатарына қосылуы немесе кейбір отбасы «қоғамның осал тобының» қатарын көбейтуі ғажап емес.