Өнер • 16 Қараша, 2023
Димаштың орындау шеберлігі дәстүрлі емес - Ерболат Құдайберген
Көптен бері ел назарынан тыс жүрген рэпер Ерболат Құдайберген Димаш Құдайбергенге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 16 Қараша, 2023
Бурабай баурайындағы шілдехана
Исі Алаш баласын сүйсіндірген жиырма миллионыншы сәбидің бірі аруақ қонып, нар шөккен қасиетті Бурабай баурайында дүние есігін ашты.
Медицина • 16 Қараша, 2023
Перзентхана. Бұл сөзді естігенде ойымызға әр нәрсе келуі мүмкін. Бірақ біздің көз алдымызда осы сөзді, сөйлемді теріп тұрған тұста перзентханадағы жүректі қаттырақ дүрсілдететін бөлімнің есігі ашылды. Бұл – жансақтау бөлімі. Иә, перзентханада да мұндай бөлім бар. Өйткені жаңа ғана шыр еткен шақалақтардың ішінде де туа сала өмір үшін күресетіндері болады. Әсіресе, әлсіз туғандары соншалықты қатты күресетіндей көрінеді.
Пікір • 16 Қараша, 2023
Ұлт байлығынан балалардың болашағы үшін үлес бөлетін идея ә дегеннен әлеуметтің қолдауына ие болып, көпшілік бұл жаңалықты қуана қабылдады. Сондықтан Президент өзі бас болып, қолға алған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасынан зор үміт күтеміз.
Пікір • 16 Қараша, 2023
Президент былтыр Жолдауда Ұлттық қорға түсетін жыл сайынғы инвестициялық табыстың 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды. Бұл қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылатынын, кейін жинақталған ақша балалар кәмелет жасқа толғанда баспана немесе білім алуына жұмсалатынын білдік. Енді, міне, Мемлекет басшысы арнаулы заңға қол қойып, бағдарлама мақұлданды.